Жиһаз шеберханасы қарапайым, қызығы жоқ бизнес ретінде көрінуі мүмкін. Алайда осы жұмыспен айналысатын кәсіпкерлер жұмыс процесінің өзінен рахат алады. Өз қолыңмен интерьер әрлеу бірегей шығармашылық кәсіпке айналып, шеберлер өз клиенттерінің ең ерекше идеяларын жүзеге асырады.
Ұлытаулық кәсіпкер Динара да жұбайымен бірлесіп 2004 жылдан бері жиһаз жасаумен айналысып келеді. Шебер де, тапсырыс қабылдаушы да және Ұлытау облысы бойынша жиһаз дайындайтын да Динараның жұбайы Азамат. Әр түрлі жиһаз компанияларындағы жұмыс тәжірибесінің арқасында ол осы салаға қажетті машықтарды игерді.
2012 жылы ерлі-зайыптылар Қарағандыға көшіп келіп, сол жерде Азамат корпустық жиһаз жасауды үйреніп алады. Онда алты жылға жуық жеке компанияларда жұмыс істеген соң, олар өздерінің туған қаласы Сәтпаевқа қайтып оралып, сол жерде жиһаз өндірумен айналысу туралы шешім қабылдайды. «Динара» ЖК осылай дүниеге келді.
Бастапқыда цехты жалға алып, Ұлытау облысы бойынша корпустық жиһаз жасауға тапсырыс қабылдай бастады. Қысқа уақыт ішінде олар тұрақты тұтынушылар жинағанмен, тапсырыстарды тез дайындауға үлгермеді, себебі олардың жұмыс істейтін бір ғана станогы болған. Қосымша жабдықтар қажет болды.
Осы мақсатта олар «Банк ЦентрКредитке» жүгінгенде «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында жеңіл несие алуға болатынын білді. Нәтижесінде жеңіл мақұлданды, «Даму» Қоры арқылы ақырғы мөлшерлеме 7%-ға дейін төмендетілді.
Динараның айтуынша, «Даму» қорынан мемлекеттік қолдау алғаннан кейін жұмыс істеу жеңілдеді. Олар цехқа үш құрал-жабдық сатып алды. Қазір компания заманауи стильде кез келген күрделі, жоғары сапалы жиһазды ұсынады.
Алдағы уақытта «Динара» жеке кәсіпкері өндірістік цех сатып алуды, әкімшілік кеңсе мен жиһаз дүкенін ашуды көздеп отыр. Бизнесті дамыту үшін қосымша қолдау алу мақсатында «Даму» қорына тағы оралатынын біледі.
Сатпаев қаласы, Алаша көшесі, 15-үй
Тел: +7 777 045 70 09
Instagram: @ulytau_mebell