«Менің мамандығым бағдарламашы. Бірақ ол бойынша жұмыс істеген жоқпын. Банкте еңбек еттім. Кейін тұрмысқа шығып, күйеуім азық-түлік дүкенін ашып, сол жердің жұмысын жүргіздім. Ұлым дүниеге келіп, басқа пәтерге көштік, жөндеу жұмыстары басталды. Сол кезде күйеуім пәтерге арналған барлық жиһазды өзі жасап көре бастады. Ал ас үйге әдемі металл аяқты үстел алғым келді. Қаладан ойымдағыны таба алмадым. Сондықтан мен эскиз жасап, күйеуім соны жасап шықты», - дейді көкшетаулық Ален Негметуллина.
Бизнес осылай басталды. Алдымен олар шеберхананы жалға алып, құрал-сайман, станоктар ала бастады. Дайын дүние базарда сатылды. Біртіндеп ассортимент кеңейді. Қазір бұл кәсіппен айналысқанына 2 жылдан асты. Бизнес аясын кеңейту керек болғанда олар «Даму Қорына хабарласты. Кеңес алып, құжат жинап, «Ұлттық жоба» арқылы «Банк ЦентрКредиттен» 2023 жылдың қыркүйегінде жеңіл несие алды.
«Әрине, бәсекелестік жоғары, жаңа дүкендер ашылуда. Бірақ бәсеке әрқашан болған және бола береді, ал біздің өнімдер сапасымен ерекше. Бизнестің табысты болуы үшін әрқашан тынымсыз еңбек ету, жаңа идеяларды іздеу, ассортиментті кеңейту, шығарылатын өнімнің сапасын қадағалау және керек»,-дейді Ален Бауржанқызы.
Көкшетау қаласы, Ғабдуллин көшесі, 9-үй;
тел: +7 707 755 51 80;
Email: negmetullina93@bk.ru;
Инстограмм: @loft_home_concept;