Тәттісіз өмірді елестету қиын. Ешбір бала кәмпиттен бас тартпайды. Үлкендер де өзін дәмді тортпен қуантуға қарсы емес. Ал осы тәттіге деген сүйіспеншілікті бизнеске айналдыруға болады.
Жас кәсіпкер Айнұрдың бизнестегі тарихы тәттіден басталған. Бала күтімімен үйде отырғанда қосымша ақша табу жолын іздеп, туыс-таныстарына кондитерлік өнімдер пісіре бастады. Отбасы қолдау көрсетіп, идеясын қолдады. Оның торттары жайлы жұрт тез білді, сырттан да тапсырыстар келе бастады. Клиенттер қатары өскені сонша, көмекші қажет бола бастады. Айнұр көмекші тапқанмен, оларға үйдегі асхана аясы тарлық етті. Цех ашу туралы шешім қабылданды. Осылайша, 2016 жылы үйдің жанында алғашқы шағын кондитерлік цех ашылды. Кондитерлік өнімдер «Ainurs' s cakes» атауымен сатыла бастады.
2022 жылы Айнұр шығарылатын өнімдер ассортиментін кеңейтіп, айналымын арттыруды жоспарлап, үлкен цех ашу туралы шешім қабылдады. Қаржы қажет болғанда «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық Банкінен» несие алып, «Даму» Қорының субсидия және кепілдік түріндегі қолдауын алды.
Қазір «Ainurs' s cakes» брендін қала жұрты түгел біледі деуге болады. Мұнда таңдамалы, жаңа ингредиенттерден классикалық және ерекше кондитерлік өнімдер дайындалады. Өндіріс технологиясын дәл ұстану әр өнімнің керемет дәміне кепілдік береді. Кондитерлік дүкенде тәтті алып кетуге, немесе сол жерде отырып кофемен дам татуға мүмкіндік бар.
Қызылорда қаласы, Әбдірахманов көшесі, 21А
тел: +7 700 593 01 03
inst: @ainur_cakes_kzo