menu
Жабу

Дені сау ұрпақ – біздің болашағымыз

Жаңалықтар
19.11.2024

Лайла Тайшыбай еңбек жолын Қызылқоға аудандық ауруханасында акушер-гинеколог ретінде бастады. Ол сол емдеу мекемесінде жиырма жыл бойы пациенттерге УДЗ дәрігер ретінде қызмет көрсетті.

Атырау қаласына көшкен соң оған бай жұмыс өтілі бизнес ашуға және сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік берді.

«Ультрадыбыстық зерттеу – адамның барлық жүйелері мен мүшелерін бағалау үшін қолданылатын диагностикалық әдіс. Бұл зерттеу мен диагноз қоюдың, сондай-ақ емдеу динамикасын бағалаудың ең танымал, қарапайым және ақпараттық әдісі. Сәбидің патологиялық және басқа ауруларын іште жатқанда-ақ уақтылы анықтауға мүмкіндік береді», - дейді кәсіпкер.

«Бірыңғай кешенді бағдарламаға» қатысудың арқасында ол «Қазақстан Халық Банкінен» жылына 20,25%-бен алған несиесінің 11,25%-ын «Даму» Қоры арқылы субсидиялады, өзі 9% айырмасын ғана төлейді.

Қазір «Аяулым» ЖК күніне 20-дан астам пациентке қызмет көрсетеді. Онда олар акушер-гинекологтың кәсіби кеңесін алады, ультрадыбыспен тексеруден өтеді, дені сау бала тууға мүмкіндік бар.

Болашақта компания заманауи жабдықтармен жабдықталған консультация-диагностика қызметтер тізімін арттыруға, клиенттер қатарын жаңартуға және болашақ аналардың денсаулығына қамқорлық жасауға ниетті.

Атырау қаласы, Өтемісов көшесі, 90

Тел: +7 700 400 80 81

Instagram: @Lailataishybai