menu
Жабу

Өзіңізді үйдегідей жайлы сезініңіз

Жаңалықтар
21.11.2024

Хостел – қонақтар түнеп шығатын орын немесе жеке бөлмені ғана жалға алуға болатын қонақ үйдің эконом-класс түрі. Мұндай бір бөлмеде 1 адамнан 12 адамға дейін орналастыруға болады. Ал ас ішетін жер, зал және жуынатын бөлме бөлек, хостел тұрғындарына ортақ болады.

Қазақстандағы барша түнеу, орналасу қызметін ұсынатын қызметтердің ішіндегі хостелдердің үлесі – 9%. Салыстырмалы түрде алып қарар болсақ, Ресейде – 24%. Ал 2017 жылы хостелдер шағын бизнестің ең тиімді түрлерінің бірі атанды.

Қазақстандағы мұндай орындар 2012 жылы Алматы мен Астанада пайда болды. Ал қазір олардың саны жүзден асады. Солардың бірі –«GRAND s Mont» ЖШС. 2018 жылдан бастап хостел қызметін ұсынатын компания басшысы – Татьяна Матвиенко.

Кәсіпкер хостел ашуға қаражат қажет болғанда «Банк ЦентрКредиттен» «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында несие алды. «Даму» Қорының арқасында ол несиенің пайыздық мөлшерлемесін жылына 8%-ға дейін төмендетті.

Қазір «AUROOM» деп аталатын хостел жайлы орын, таза бөлмелері, қонақжай және мінсіз қызмет көрсететін мамандарымен танымал. Соның арқасында мұнда келген қонақтар міндетті түрде қайта айналып соғады.

Павлодар қаласы, Қабдеш Нұркин көшесі, 72

Тел: 8 777 938 38 32

Инстаграм: @auroom_hostel_