menu
Жабу

Балаларға жайлы жағдай жасау – басты мақсат

Жаңалықтар
26.11.2024

Мектепке дейінгі білім беру – ел экономикасындағы негізгі бағыттардың бірі. Мемлекет тарапынан бұл саладағы кәсіпкерлікті қолдау – бастамашыл, білімді тұлғалар оқытып, тәрбиелеуде жаңа әдістер қолданатын заманауи орталықтар ашуға ынталандырады.

Мәселен, кәсіпкер Гүлнара Айтқалиева кәсіби педагог. 18 жыл өз саласында еңбек етіп, тәжірибе жинаған психолог. Атырау қаласында жеке балабақша ашу үшін ол екінші деңгейлі банкке жүгінді.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ оның жобасын қолдап, 21%-бен несие берді. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесі 13%, ал 8% айырмасын кәсіпкер төлейді. Қаржыны «Бөбек kids» ЖШС үшін жылжымайтын мүлік пен жабдық сатып алуға жұмсады.

Қазір «Бөбек балалар» жеке бақшасында 70-тен астам бала тәрбиеленуде. Онда олар сапалы білім алып, қоршаған ортамен танысады, тұлға ретінде қалыптасады. Сабақтар жаңа әдістемелер бойынша ойын түрінде өтеді. Соның арқасында ойын баласы ақпаратты жақсы қабылдайды және жаңа материалдарды тезірек игереді. Мекемеге педагогикалық білімі бар, мейірімділік, зейін, баланы түсіну қабілеті сияқты қасиеттерді бойына сіңірген тәжірибелі тәрбиешілер жиналды. Сондай-ақ мұнда логопед-дефектолог жұмыс істейді.

Атырау қаласы, Нұрсая ш/а, Чердабаев көшесі, 38-үй.

Тел: +7 7758620992

Инстаграм:@ monti_atyrau