menu
Жабу

Қарапайым бастамалардан кәсіптегі сәттілікке дейін

Жаңалықтар
27.11.2024

Шадмахан Салтанат – Сәтбаев қаласының жас әрі табысты кәсіпкері. Қызылорда облысында туған ол Жезқазған Гуманитарлық колледжін «Ағылшын пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Кейін осы мамандық бойынша А. Бөкетов атындығы Қарағанды университетінде жоғарғы білім алды. Саудаға деген қызығушылық бала күннен ата-анасының ықпалымен пайда болды. Колледж оқып жүргенде-ақ, демалыс кезінде ағасының дүкенінде көмектесіп, адал сауда арқылы көп жетістікке жетуге болатынын түсінді. Сол кезде ол өмірін осы кәсіпке арнауды жөн көрді.

Салтанат 10 жылдан астам уақыттан бері осы кәсіппен айналысып келеді.

Бизнес үшін ең бастысы – қаржы. Басында ЖК «Салтанат» бірқатар қиындықтарға тап болды. Еріксіз жоғары пайызбен несие алуға тура келді, өйткені кәсіп үшін тұрақты қаржылай қолдау қажет.

Коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алу үшін олар «Банк Центркредиттен» 19,75%-бен несие алды. «Бірыңғай кешенді бағдарлама» бағдарламасы аясында («ШОК қолдау» бағыты) «Даму» қоры мөлшерлемені субсидиялап 9%-ға дейін төмендетті.

Қаражат Сәтбаев қаласының орталығындағы коммерциялық үй-жайды сатып алуға жұмсалып, кейіннен онда азық-түлік дүкені ашылды. Болашақта ЖК «Салтанат» сауда орнын кеңейтуді және бизнестің басқа да бағыттарымен айналысуды, сондай-ақ бірнеше жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін ірі кәсіпкер болуды жоспарлап отыр.

Мекен-жайы: Сатпаев қ. Сатпаев к-сі, 110 үй

Тел: +7‒776‒250‒95‒95