Жеке кәсіпкер Алдамұратова Шынар Дәулетжанқызының наубайханасының жұмысы табиғи ашытқымен пісірген ыстық нан жасаудан басталады. Бұл жай ғана нан емес. Бұл – табиғи ингредиенттер, әр тұтынушыға деген сүйіспеншілік пен қамқорлықтың символындай нағыз сиқыр.
2023 жылдың қазан айында «Алдамуратова» ЖК Астанада «Мамин Хлеб» франшизасымен наубайхана ашты. Бұл шаруа кәсіпкердің өзі үшін ғана емес, «Мамин Хлеб» брендін дамыту үшін маңызды қадам болды.
Шынар Дәулетжанқызы «Мамин Хлеб» франшизасын кездейсоқ таңдаған жоқ. Тұтынушылар сапасысы үшін сенім артқан бұл бренд табысты бизнестің бастауы болды.
Наубайхана ашу үшін «Алдамуратова» ЖК қарыз алу үшін «ForteBank»-ке жүгінді. Сондай-ақ «Даму» Қоры арқылы «Ұлттық жоба» бағдарламасы бойынша субсидиялау және кепілдік беру құралдары аясында қолдау алды. Ббұл пайыздық мөлшерлемені 8,5%-ға дейін азайтуға мүмкіндік берді. Қаражат наубайхана жабдықтарына жұмсалды.
Осылайша, Шынар Дәулетжанқызының жетекшілігімен «Мамин Хлеб» наубайханасы франшизаның дәлелденген бизнес-моделін инновациялармен және заманауи тәсілдермен үйлестіре отырып, дамуын жалғастыруда.
Адрес: Рақымжан Қошқарбаев даңғылы, 37 үй
Instagram: @mamin_hleb_astana
Телефон: +77057819338