menu
Жабу

Маңғыстаулық Zhamal-ai LTD ЖШС «Sharkey» брендімен аяқ-киім шығарады

Жаңалықтар
27.11.2024

Ақтаудағы «Zhamal-ai LTD» ЖШС – әртүрлі мақсаттағы жоғары сапалы аяқ киім шығаратын фабрика. Яғни, мұнай, газ, кен орындары, құрылыс алаңы мен әскерилер «Zhamal-ai LTD» аяқ киімімен қызмет атқарады. 2015 жылдан бастап фабрика «Sharkey» брендімен былғары мокасин шығара бастады. Ыңғайлы, стильді, сапалы боп шыққан олар тұтынушылар тарапынан зор сұранысына ие болды. Компания өнімдерінің басты артықшылығы – аяқты қорғайтын табиғи материалдар пайдаланатыны мен жайлылығы, күнделікті киюге ыңғайлылығы. Шикізат пен материалдар негізінен Қазақстан, Ресей, Түркия және Италия өндірушілерінікі.

«Zhamal-ai LTD» фабрикасы бүкіл отбасын тек таза былғарыдан жасалған аяқ киіммен қамтамасыз ете алады. Бұдан басқа, «Zhamal-ai LTD» фабрикасы – ыңғайлы, берік жазғы және қысқы арнайы киімдер, медицина қызметкерлері мен аспаздардың формасын, спорт костюм, мектеп формасы, футболкалар, поло, бейсбол қалпақшалары, шлем астынан киетін, жылы бас киімдер де тігеді. Әр өнім бірегей үлгімен, тек табиғи шикізаттан тігіледі. 170 жоғары білікті маман ыңғайлы киім мен аяқ киім жасау үшін жұмыс істейді.

Фабрика айналым қаражатын толықтыру қажет болғанда «ForteBank»-тен» Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында жылына 21,75%-бен несие алды. Мұнда қарыз алушының түпкілікті мөлшерлемесі 7%, құрайды, ал айырманы бағдарлама бойынша мемлекет өтейді.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 21ш/а,13 ғимарат.

Тел: +7 (7292) 605335

Instagram: zhamal_ai