menu
Жабу

Ыңғайлы әрі жайлы жиһаз жасайтын кәсіпкер

Жаңалықтар
02.12.2024

Өзі бизнес ашқанға дейін Денис Степанов Атырау қаласындағы жиһаз салондарының бірінде жұмыс істеді. Күндердің бір күнінде жеке кәсіппен айналысып, сауда нүктелерін ашу идеясы пайда болды. Осы салада жинаған 14 жылдық жұмыс тәжірибесі Денис Степановқа корпустық жиһаз жасайтын цех ашуға мүмкіндік берді.

«Шкаф жиһазын жасау үнемі жетілдіруді, жаңа технологияларды үйренуді, жаңа түс схемаларын таңдауды талап етеді. Өйткені сән стильдері үнемі өзгеріп отырады»,-дейді кәсіпкер.

Жұмыс барысында «Степанов Д» ЖК өндірісті кеңейтуге шешім қабылдап, екінші деңгейлі банкке жүгінді. Айналым қаражатын толықтыру жөніндегі жобасын «Forte Bank» АҚ «Бірыңғай кешенді бағдарламаның» 2 бағыты аясында қолдап, жылына 19,25%-бен несие берді. Онда мемлекет субсидиялайтын бөлігі 11,25% болып, кәсіпкер тек айырмасын ғана төлейді.

Қазір корпустық ас үй жиһаздарын, тұтастай шкафтарды және жиһаздың басқа да түрлерін Атырау облысының тұрғындары қуана-қуана сатып алуда.

Атырау қаласы, Жалаңтос батыр көшесі, 8

тел: +7 7011933231

инстаграм: @mebel__zlata__atyrau