menu
Жабу

Өзіңізге және өз күштіңізге сеніңіз

Жаңалықтар
27.11.2024

Бүгінгі әңгіме көп балалы ана, кәсіпқойлық пен кәсіпкерліктің басын қоса отырып табысты бизнесті тақыр жерден құра білген әйел туралы. Физик-инженер-қаржыгер Әйгерім кәсіп ашқанға дейін «Қазақтелеком» компаниясында бас есепші болып жұмыс істеген. Бала күтіміне байланысты демалыста да қарап отырмады. Қаржы және менеджмент саласындағы білімінің арқасында Әйгерім жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, мемлекеттік сатып алуға қатыса бастады. Ол Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы мекемелерді азық-түлік6 тауарлармен қамтамасыз етуге кірісті. Бұл оған бизнес жүргізу және клиенттермен қарым-қатынас жасауда құнды тәжірибе болдыберді.

Ал, бұл кезде ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін күйеуі тұтынушыларды сапалы жұмыс киімімен қамтамасыз етуде қиындықтарға тап болған еді. Басқа цехтардан немесе Ресейден әкелінген тапсырыстар көңілден шыға бермейтін. Кейбірінде сапа нашар болса, басқа жерде баға тым жоғары. Дәл осы кезде ерлі-зайыптыларға Көкшетауда жұмыс киімі цехын ашу идеясы пайда болды. Сол ойдың ізімен шағын тігін цехын сатып алды. Онда тігін машиналары мен кестелеу жабдықтары санаулы ғана болатын. Алғашында онда кескіш пен тігінші ғана жұмыс істеді. Дегенмен, Әйгерімнің табандылығы бизнестің тез еңсе көтеруіне көмектесті.

Алғашқы екі жылда тігін цехын жалдап жұмыс істеді. Бірақ тапсырыстар артып, қызметкерлердің көбеюіне байланысты одан әрі өсу мен даму үшін кәсіпкерге жеке үй-жай қажет болды.

«Даму» Қоры» АҚ-на жүгінген кәсіпкер «2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту» жобасы бойынша жеңілдетілген шарттармен несие алуға кеңес алып «First Heartland Jusan Bank» АҚ арқылы несие алды. Қаражатқа кең ғимарат сатып алды.

Бүгінде «Асанали» ЖК төрт жылдан бері жұмыс және корпоратив киім тігумен айналысып келе жатқан кәсіпорын. Жеке тапсырыстардан басқа, дайын өнімдер желісін дамытып, жаңа тұтынушыларды тартуда.

Отбасының кәсібі одан әрі өркендеп келеді. Жаңа технологиялар, өнім желісін кеңейту және өндіріс қуатын арттыру – бұл қажырлы жолдың басы ғана. Әйгерім: «ең бастысы - өз күшіне сену, жақындарының қолдауы және үнемі жақсылыққа ұмтылу» жеңіске жетелейтініне сенімді.

Кокшетау қ-сы., Саин к-сі, 36А уй

тел: 77011588000;

инстаграм: spec_odezhda_trynity