menu
Жабу

Денсаулық – өмірдің басты игілігі

Жаңалықтар
29.11.2024

Күн сайын біздің ағзамызға қоршаған орта қатты әсер етеді. Жұмыстан зорығу, стресс, нашар экология, дұрыс тамақтанбау – мұның бәрі біздің күш-қуатымызды сорып, денсаулығымызға нұқсан келтіреді. Ал оның жалғыз шешімі – дұрыс демалыс. Шипажай – дәл осы дұрыс демалыс ұсынатын, жанға жайлы, денсаулыққа пайдалы орын. Созылмалы ауруларды емдеу, жүйкені қалпына келтіруге таптырмас жер.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Қожамберді ауылдық округінің табиғаты көркем жерінде «Жан-Арай» шипажайы орналасқан. Жергілікті тұрғындар бұл жерді денсаулық пен жайлылық оазисі деп атайды. Шипажай жергілікті табиғи ресурстары және заманауи медициналық жетістіктерді пайдалануға негізделген бірегей емдік процедураларымен танымал.

Шипажайдың бәсекелестерінен басты артықшылығы – көлдің эндемикалық бактериялармен табиғи жаңартылатын балшығы. Жайлы бөлмелер емдеудің әсерін тарынша арттырады. Сонымен қатар, санаторийде диетамен тамақ, спорттық іс-шаралар және релакс процедураларын қамтитын әртүрлі сауықтыру бағдарламалары да бар.

2023 жылы шипажай салу үшін «Жан-Арай» ЖШС «Даму» Қорының қолдауымен «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясындағы субсидияны пайдалана отырып «Қазақстан Халық банкінен» жеңіл несие алды.

Қазір шипажайда 200 орындық 2 қабат бар.Онда стандарт, жартылай люкс және люкс санатты бөлмелер орналасқан. Барлық бөлме қажет жабдықтармен жабдықталған.

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожамберді а.о.

тел: +7 700 710 55 99