menu
Жабу

Таразда кеңсе жиһазын шығаратын кәсіпорынның жобасы қолдау

Жаңалықтар
27.11.2024

«NUR-AI» ЖШС 2003 жылдан бері мектеп парталары, орындық, шкаф, стеллаж, сөре секілді жиһаздар өндірумен айналысады. Негізгі сатып алушылар – балабақшалар, мектептер, институттар және қарапайым азаматтар.

Нарықтағы бәсекелестіктің күшеюіне байланысты қомпания құрылтайшысы Райкүл Есентұрқызы тауар ассортиментін кеңейту мақсатында несие алуға шешім қабылдады.

Райкүл Жұрымбаева «Даму» Қорының Жамбыл облысы бойынша филиалында болып, бизнесті мемлекеттік қолдау жөнінде егжей-тегжейлі кеңес алып, несие алу үшін «Bereke Bank» АҚ-ға жүгінді. Жиһаз шығаратын жаңа жабдықтарды сатып алуға деген несиені «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры субсидиялап, кепілдік берді.

Кәсіпкер жеңіл несие алып, тауар ассортиментін арттырып қана қоймай, сатып алушылардың сұранысына орай өнім көлемін де арттырды.

Тараз қаласы, Бауыржан Қойбақов көшесі 14Б

Моб. +7708 807 88 81

Instagram: @mebius.kz