menu
Жабу

Сіздің қауіпсіздігіңіз – біздің басты міндетіміз

Жаңалықтар
28.11.2024

2014 жылдың тамыз айында Шымкент қаласында құрылған «Tectum Engineering» ЖШС – заманауи шифер шығаратын кәсіпорын. Зауыттың жылына 5 000 000 шаршы метрден астам гофрленген және жалпақ шифер шығатын қуаты бар.

Өндірісте заманауи құрал-жабдықтар мен экологиялық таза шикізатты пайдаланады. Компания шығаратын шиферлер берік, температураға және коррозияға төзімді. Хризотил цементінің талшықты құрылымы аса сапалы, зақымдалмайтын етеді. Металл жабындарымен салыстырғанда шифер жоғары температурада аса қыза қоймайды. Сондай-ақ, шифер жанбайды және қызған кезде зиянды заттар бөлмейді. Бұл – құрылыс конструкцияларының қауіпсіздігін арттырады. Ең бастысы, шифердің керемет дыбыс өткізбейтін қасиеттері бар, ол тіпті қатты жауын-шашын немесе бұршақ кезінде ғимарат ішіне дыбыс сезілмейді. «Tectum Engineering» ЖШС қолайлы баға мен ыңғайлы төлем жүйесін ұсынады. Сонымен қатар тапсырыстарды жедел орындайды.

«Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында компания 2022 жылы «Forte Bank» АҚ-тан автоклавты газобетон шығаратын зауыт құрылысына жылына 20,50%-бен қаржы алды. Оның 13,50%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды.

Шифер шатырының қызмет ету мерзімі шамамен 30 жыл. Материал -50ºС-тан +80ºС-қа дейінгі аралықтағы температурада қолдануға жарамды.

Шымкент қ., «Оңтүстік» индустр. аймағы, Қапал батыр көш., 5 км.

Телефон: +77075111116

Пошта: info@shifer.kz