menu
Жабу

«МедиДез» ҒӨБ – дезинфекциялау және жуу құралдарының жетекші қазақстандық өндірушісі

Жаңалықтар
29.11.2024

«МедиДез» ғылыми-өндірістік бірлестігі компаниясы 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде компания дилерліктен бастап өз өндірісіне дейінгі жолдан өтті. Бірнеше рет түрлі сыйлықтар мен атақтарға ие болды. Бар жоғы сегіз шаршы метр кеңседе 5 адаммен іс бастаған кәсіпкер сол кезде Ресей, АҚШ, Беларусь дезинфекциялық құралдарын өндірушілердің дилері болды. Қазір өз өндірісін жолға қойған. Мұнда 52 адамға дейін еңбек етеді. Компанияның өз өндіріс желісі, аккредиттелген зертханасы, Алматы қаласындағы филиалы, ірі дилерлік желісі, сондай-ақ Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Беларусь елдеріне экспорт мәмілелері бар. Кәсіпорын ISO 9001 және НАССР жүйесінің халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған.

Қостанай облысының Рудный қаласында орналасқан кешен қазір медициналық дезинфекциялау құралдарын, тамақ өнеркәсібіне арналған жуғыш заттар мен дезинфекциялау құралдарын және тұрмыстық химия шығарады. Аурухана гигиенасы саласына маманданған компания әртүрлі емдеу-профилактикалық мекемелерде инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді басты міндеті санайды. Қостанай облысында бұл өндірістің баламасы жоқ.

Екі жыл бұрын компания Tap Taza брендімен майды кетіретін, мата жұмсартқыш, ыдыс жуу, едендер мен қабырғаларға, әйнектер мен айналарға, дәретханалар мен жууға арналған тұрмыстық химия шығара бастады. Қостанайдың және Қазақстанның басқа қалаларының – Алматы, Астана, Шымкент ірі супермаркеттерінің сөрелерінде бар.

Компанияның өзінің аккредиттелген зертханасы бар.

«Өз өндірісімізді іске қоспас бұрын бізге басқалардың тәжірибесін зерделеп, бұл жұмысты олар қалай құрғанын көру керек болды. Командамыз Швеция, Италия, Ресей, Беларусь сияқты кәсіпорындарға барды. 2017 жылы өзіміз өнім шығара бастадық. Үш жылдан кейін дилерлік компаниядан авторлық өз әзірлемелері мен тауарлары бар ғылыми-өндірістік кәсіпорынға айналдық»,- дейді «МедиДез» ҒӨБ директоры Әлия Қайрақбаева.

Жақында «МедиДез» ҒӨБ бұрынғыдан үлкен және барлық санитарлық нормаларға сәйкес келетін жаңа кең ғимаратқа көшті. Қуаты сағатына 1500 данаға дейін дезинфекция құралдарын құятын автоматты желілер Польшадан «Даму» Қорының қолдауымен сатып алынды.

Компания 2023 жылы «Bereke Bank»-тен жабдық сатып алуға несие алды. «Даму» Қоры «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялап, несие сомасының 50%-ына кепілдік берді. Тұтастай алғанда, 2019 жылдан бастап компания қор жүзеге асыратын мемлекеттік бағдарламаларға бірнеше рет қатысқан. Соның арқасында негізгі құралдар сатып алып, айналым қаражатын толықтырып отырды.

«Мемлекеттік қолдау біздің кәсіпорынға өнім көлемін ұлғайтуға, нарықты кеңейтуге және өндіріс қуатын жылына 2500 тоннаға дейін арттыруға көмектесті. Қазір медицина мен ауыл шаруашылығы үшін заманауи, тиімді құралдарды әзірлеуді жоспарлап отырмыз»,- дейді кәсіпорын басшысы.

Қостанай облысы, Рудный қаласы, Топорков көшесі, 39/1 құрылыс

Тел: +7 (708) 893-86-25, +7 (727) 323-64-01

Сайт: medidez.kz

Instagram: @taptaza_chistodoma