Логопед – тілінде мүкісі бар немесе тілі кеш шығып, сөйлеуі қиындаған балалармен жұмыс істейтін кең профильді маман. Логопедтің дауыс механизмдерін, сөйлеу мен дауыс патологиясын білуі, қарым-қатынас дағдыларын дамыту, қарым-қатынас функциясын қалпына келтіру жолдары мектепке дейінгі балалар мекемелері, түзету орталықтары, психологиялық-педагогикалық оңалту орталықтары секілді әртүрлі қызмет салаларында жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Медициналық білімі бар дефектолог-логопед, психолог Әйгерім Нұраділқызы Жаңаөзен қаласында 2021 жылы ерекше балаларға арналған логопедия орталығын ашты. Қазір мұнда 80-нен астам бала тәрбиеленіп жатыр. Сабақтар жаңа әдістеме бойынша және ойын түрінде өтеді. Нәтижесінде ойынға құмар балалар ақпаратты жақсы қабылдап, жаңа материалдарды жылдам игереді. Орталықта педагогикалық білімі бар, тәжірибелі әрі білікті тәрбиешілер, дефектолог-логопед дәрігер жұмыс істейді. Сондай-ақ команданы кеңейту және болашақ мамандарға практикалық білім беру үшін жас мамандарды да тарта бастады.
Орталыққа жабдық сатып алу үшін кәсіпкер «Қазақстан Халық Банкінен» жылына 21%-бен несие алды. «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында түпкілікті мөлшерлеме 7%-ды құрады, ал айырмасын мемлекет өтейді.
Мемлекеттік қолдау кәсіпкерге орталықтың жұмысын одан әрі кеңейту және жақсарту үшін ыңғайлы орталық құруға мүмкіндік берді.
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Өркен ш/а 1, 182 үй.
Инстаграм: @aigerim_nuradinovna
Контакты: +7 701 310 16 86