menu
Жабу

Павлодардағы «Теремок PV» балабақшасы мемлекеттен қолодау алды

Жаңалықтар
04.12.2024

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие – білім беру жүйесінің бірінші деңгейі, баланың жеке тұлғасын қалыптастыру негізі. Мектепке дейінгі жаста баланың денесінде барлық маңызды жүйелер қалыптасады, есте сақтау, ойлау, қабылдау, моральдық сезімдер мен әлеуметтік эмоциялар белсенді дамиды. Ол айналасындағылардың бәрін біледі, әлем жайлы өзіндік бейнесін қалыптастырады. Ол сөйлеп, адамдармен қарым-қатынас жасауды үйренеді. Бала болашағына жауапкершілікпен қарайтын ата-аналар бала туғаннан бастап 6-7 жасқа дейінгі кезеңнің қаншалықты маңызды екенін түсінеді. Сондықтан олардың мектепке дейінгі білім беру орны мен формасын таңдауға ерекше назар аударады.

Павлодардағы «Теремок PV» ЖШС 2022 жылдың қараша айында тіркелген. Жалға алынған ғимаратта Лариса Плотникова ашқан балабақшаға орта есеппен алғанда 60 бала барады. Әр бала толық тіркеліп, барлық анықтамалар, ата-аналардың құжаттары, медициналық көрсеткіштері және әр баланың фотосуреттері жүргізіледі. Топтарда бала 100% толық, балабақшада кезекті тіркеу журналы бар, онда қандай да бір себептермен орын босаған жағдайда бірден жаңадан бала қабылданады. Қазір 4 топ жұмыс істейді, әр топта бала саны 15-тен 18 бала аралығында.

Жаңа ғимаратқа қаражат қажет болғанда Лариса Плотникова «Даму» Қорына жүгінді. Олар жалға алып отырған коттедж сатылатын болды.

8 000 000 теңге көлеміндегі қарызды «Forte Bank» АҚ берді. Несие бойынша мөлшерлеме 21,25% құрады. «Даму» Қоры мемлекеттік бағдарлама аясында 85%-ға кепілдік берді. Қаражат балабақшаға жөндеу жұмыстарын жасап, жаңа жиһаз сатып алуға жұмсалды.

Мекенжайы: Павлодар қаласы, Бұқар жырау көшесі, 179, 1-корпус

Тел.: +7 775 964 84 02

Инстаграм: @teremok_pvl