Бота Қалиева 2013 жылдан бері кәсіпкер. Өз кәсібін ашпас бұрын ол Қазақстан мен ТМД елдерінде іс-шараларды ұйымдастыру, бизнес, жеке және корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыру саласында жұмыс істеді. Бала кезінен шығармашылықпен айналысқан оләсіпкер бірнеше рет республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты атанып, музыка мектебін бітіріп, жастайынан сахнада өнер көрсеткен. Оның таланты мен дамуға деген ұмтылысы бизнес бағытын таңдап – шығармашылық студия құруға түрткі болды.
2021 жылы балаларға шығармашылық үйірмелерге тегін баруға мүмкіндік беретін «Артспорт» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылғаннан кейін кәсіпкер Көкшетау қаласында студия ашуды ұйғарды. Бастапқы кезде студияда кескіндеме, вокал, ұлттық және заманауи би, сондай-ақ домбыра бойынша сабақтар ұсынды. 120 шаршы метрлік бөлмені жалға алып жұмыс істей бастады. Алғашқы күннен бастап студия ата-аналар мен балалар арасында танымал болды.
Дегенмен, бизнесті дамытудың қиындықтары да қатар жүрді. Қаржы жетпеу, әсіресе пандемия кезінде студияны қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтау барысын баяулатты. Осыған қарамастан, педагогикалық ұжымның кәсіби шеберлігінің арқасында балалар қиын жағдайда да жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
2023 жылы Бота Амангелдіқызы жекеменшік үй-жай сатып алуды ұйғарды. Жоспарын жүзеге асыру үшін қосымша қаржы қажет болды. Кәсіпкер «First Heartland Jusan Bank» арқылы несие алып, «Даму» Қорынан субсидия мен кепілдік түрінде қолдау алып, несие мөлшерлемесін 8%-ға төмендетті. Мемлекеттік бағдарламаға қатысудың арқасында студия жаңа үй-жай сатып алып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Қазір шығармашылық студияда кең де заманауи зал, сабақ өткізуге қолайлы жағдайлар бар, Жүздеген ата-ана алғыс жаудырып отыр. «Даму» Қорының қолдауы кәсіпкердің бизнесін дамытуда маңызды қадам болды, келетін бала саны да артты.
Көкшетау, Тилеулина к-сі, 94 үй
тел: 77754522622;
Instagram: @balakai_kokshetau