Кәсіпкер Ділмұхамед Абизовтің бизнеске араласқанына бірталай уақыт болды. Алғашқы жылдары киім сатумен айналысты. Сауда-саттықтан тәжірибе жинаған жылдары «осы дүниелерді сырттан тасығанша неге өзіміз шығармасқа» дегенді жиі ойлайтын. Осы ой өзінің киім брендін шығаруды түрткі болды. Осылайша, 2016 жылы Dalatex тігін фабрикасы құрылды. Кәсіпкердің бұл қадамы отандық өндірістің алға жылжуына қосылған зор үлес еді.
Алғашында фабрика ерлерге арналған жейделер ғана тігумен айналысты. «Dalatex» деген брендпен шығатын бұл отандық өнім заманауи стиль, сапасымен көзге түсіп, сұраныс көбейіп, тіпті көрші елдерге экспорттала бастады. Компанияның жұмысы өрге басып, тапсырыс саны артуына қарай, фабрика өнім түріне ерлер жейдесімен қатар, әйелдер мен балалар жейделерін, арнайы жұмыс киімдерін және күштік құрылым формаларын қосты.
Қазір компания «Dalatex» брендінің өзіндік үлгісін қалыптастырған, өнімдері көпшіліктің көзайымына айналған өндіріс ошағы ретінде танылды. Фабриканың басты артықшылығы – сапаны мұқият бақылауы. Тапсырыс берушілердің сұранысына сай етіп киім өндіру жолға қойылған, қажетті жабдық, технологиямен қамтылған. Заман талабына сай ол жабдықтар жаңартылып тұрады. Фабрикада күніне орта есеппен 650 дана жейде мен 200 дана арнайы киім тігіледі. Қазір компания Ресей мемлекетімен де тығыз жұмыс істеп жатыр.
Тігін фабрикасын кеңейту мақсатында жаңа ғимарат сатып алу үшін «Dalatex» ЖШС «Даму» Қорының субсидияланған пайыздық мөлшерлемесімен «ForteBank» АҚ-нан жеңіл несие алды.
Кәсіпорында 90-ға жуық адам жұмыс істейді. Фабрика шеберлері арнайы білім алған өз ісінің маманы, олар өте сапалы мата таңдай отырып, ең талғампаз сатып алушыларға қуаныш пен жайлылық сыйлап келеді.
Мекенжайы: Қызылорда қаласы, Панфилов көшесі, 78
Тел: +7 702 331 37 17, +7 775 528 33 71
Instagram: @dalatex.official