menu
Жабу

Қалдықтарды кәдеге жарату және металдарды қайта өңдеу саласындағы табыс тарихы

Жаңалықтар
05.12.2024

«Шығыс-тазалық» ЖШС басшысы 2011 жылы ешқандай жабдықсыз жиһаз құрастыруды бастаған. Жұмысы өлшеп, жиһазды кесіп, жинаудан тұратын. Ол кезде барлық жұмысты өзі жасады және жиһазды аудандарға жеткізу үшін пойызбен шығатын, кейін автокөлік жалдай бастады. Бір күні ГАЗель маркалы көлік сатып алды. Бұл оған тасымалдау шығындарын азайтуға мүмкіндік берді. 

2016 жылы бизнестен түскен табыс айына 800 мың теңгені құрады, бұл сол кездегі елеулі жетістік болатын. Алайда, кез-келген бизнес сияқты бұл жол да қиындықсыз болған жоқ. Оның бірі жиһаздың зақымдануына байланысты күтпеген шығындар еді. Бұл кейде пайданы азайтты. 

Бизнестің дамуындағы күрделі бетбұрыс 2014 жылы кәсіпкер «Қазминералс» компаниясымен келісімшарт жасағанк езде болды. Мердігерлік ұйыммен қалдықтарды шығару және кәдеге жарату туралы келісімге қол қойған жыл кіріс артып, кәсіпкер түбегейлі өзгерістерге бел буды. Енді ол жиһаз жинауды қойып, толықтай «Казминералспен» әріптестікке көшті. 

2017-2018 жылдар аралығында өсіп көбейді бастады. Компанияның айналымы 2021-2023 жылдары жылына шамамен миллиард теңгені құрады. Бұл «Қазминералспе»н жұмыс істеудің және бизнестің негізгі бағытына айналған – металдарды кәдеге жарату мен қайта өңдеуге көшудің нәтижесі болатын. 

Қазір штатта шамамен 15 адам жұмыс істейді, сонымен қатар жұмысты оңтайландыру үшін үш тиегіш сатып алынды. Металды қайта өңдеу жабдықтарын, соның ішінде пайдаланылған шиналар мен пластик қалдықтарды отынға және басқа да пайдалы өнімдерге қайта өңдейтін пиролиз жабдықтарын сатып алуға инвестиция салды. Бұл технологиялар өндіріс тиімділігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар қазіргі экологиялық стандарттарға сәйкес келетін қоршаған ортаға зиянды шығарындыларды азайтуға мүмкіндік берді. 

Жабдық сатып алу үшін «Forte Bank» АҚ арқылы 2024 жылы несие алғанда «Даму» Қоры «Бірыңғай кешенді бағдарлама» қарызды аясында субсидиялап, кепілдік берді. 

Осылайша, кәсіпкер табандылық, нарық сұранысына назар аударып, өзгеріске жылдам бейімделу қабілетінің арқасында табысқа жетті. Оның шағын жиһаз құрастыру бизнесінен қалдықтарды кәдеге жарату және металды қайта өңдеу нарығындағы ірі ойыншыға дейінгі жолы нарықта өз орнын тауып қана қоймай, өсу мен даму мүмкіндіктерін үнемі іздеудің маңыздылығының жарқын мысалы болып отыр.

 +7 775 133 9581

Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Сарыарқа 29, 54 пәтер