Төлебаева Шынар Ниязбекқызы өзінің 2013 жылдың соңынан бастап Қытай-Алматы арасында тауар тасып, кәсіпке кіріскен. Кейіннен «Заречный» базарында балалар киімін сатумен айналысты. Артынша жеміс-көкөніс сататын алғашқы дүңгіршегін ашып, біртіндеп жеміс-көкөніс саудасына көшті. Өйткені балалар киімі бұрынғыдай табысты болмады. 2017 жылы жеміс-көкөніс сататын екінші дүңгіршек ашылды.
2020 жылыдан бастап кәсіпкер Бұқтырма су қоймасының Самара жағалауында өз қаражаты мен несиенің басын қосып қонақ үйлер салып, жаз кезінде жалға берумен айналысады. Қазір мұнда 9 қонақ үй бар. Ас үйі, ыстық, суық суы бар үйлер аусым мамырдан қыркүйекке дейін тәулігіне тапсырылады. Құны тәулігіне 25-30 мың теңге. Штатта әкімші, сондай-ақ қыста күзетші жұмыс істейді.
Кәсіпкер бұл үйлерді салуға «First Heartland Jusan Bank» арқылы несие алды. «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» Бірыңғай кешенді бағдарламаның «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау» бағыты аясында пайыздық мөлшерлемесін 10%-ға дейін азайтты.
+7 771 176 24 20
Мекенжайы: ШҚО, Өскемен қаласы, Шәкәрім көшесі, 163