Қазір стоматологиялық қызметтер әр адамның өмірінің бір бөлігіне айналды. Өйткені тіс дәрігерінің алдына бармайтын пациент некен саяқ. Бұл салада заманауи материал, жаңа технологиялар – табыстың негізгі факторларының бірі.
«БН Стом» ЖШС ашқан стоматология клиникасы 2021 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Оның негізін ортодонтия, имплантация, протездеу саласында үлкен тәжірибесі бар тіс дәрігері Нағашбай Бейісов қалаған.
Клиниканың эстетикалық стоматология, тіс протездеу, имплантация, хирургия, ортопедиялық және емдік стоматологияда қолданатын озық диагностика, емдеу жабдықтары толық.
Тәжірибелі дәрігерлер тобы ыңғайлы қызмет кестесін ұсына отырып, пациенттердің жағдайына қарай жеке көңіл бөліп жұмыс істейді. Жүктеменің ауырлығына қарамастан, мамандар тоқсан сайын балалар үйі, мектеп-интернаттарға барып демеушілік көмек көрсетеді.
«БН Стом» ЖШС стоматологиялық клиника сатып алу үшін «Bereke Bank»-тен 20,75%-бен несие алды. Қор «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында 12,75%-ын субсидиялап, қолдау көрсетті. Ал кәсіпкер тек айырмасын төлейді.
Болашақта компания клиенттер қатарын арттырып, Атырау облысының тұрғындарына қызмет көрсету сапасын бұдан да жақсартуға ниетті.
Атырау қаласы, Привокзальный 3 «А», дом 15 А, 47-пәтер.
Телефон: +7 778 262 70 96
Инстаграм: @dr_beissov