Қостанай облысының Рудный қаласының тұрғыны Гүлвира бір кездері жартылай дайын өнім шығаратын цех ғимаратын жайын сатып ала алам деп ойлаған жоқ. Оның бұл арманы мемлекеттік қолдаудың арқасында орындалды.
Гүлвира Кобдикова осы саладағы бизнес идеясын алдымен түсінде көріп, қалай жүзеге асыратынын білді. Жүзеге асыру оңай болған жоқ.
«Бірде үйге тартылған ет сатып алып тамақ пісіргенімде отбасыс қатты ренжіді. Өйткені тағам дәмсіз болды. Сол кезде маған: «неге жартылай дайын өнімдер бизнесін өзім ашпасқа» деген ой келді. Осы жағдайдан соң мен әрекет етететін уақыт келгенін түсіндім»,-дейді ол
Алдымен тұшпара цехы орналасатын жер тауып, жалға алды. Тұшпараның алғашқы килограмы да сол жерде сатылды. Кейінірек үш түрлі тұшпара сатылымға шыға бастады. Содан кейін олар басқа да жартылай дайын өнімдер ассортиментін кеңейте бастады. Алдымен Гүлвира өзі жалғыз жұмыс істеді. Таңнаң кешке дейін цехта тынып таппайтын. Клиент көбейген сайын ол ассортиментті кеңейту, өндіріс көлемін ұлғайту және, әрине, жаңа жұмыс орындарын құру туралы ойлана бастады. Себебі бұл өндірістік қажеттілігі еді. Бірнеше жылдан кейін Гүлвира бұрығысынан да үлкен бөлмені жалға алды.
2023 жылы «Даму» Қоры мен банктер арқылы мемлекеттік қолдау бағдарламалары бар екенін білген Гүлвира «Банк ЦентрКредиттен» үй-жай сатып алуға несие алу мақсатымен жүгінді. Онда қаржыландыру шарттары бойынша толық кеңес алып, ушін құжаттар жинады. Несие мақұлданған кезде оны үлкен тосын сый күтіп тұрды. «Даму» Қоры «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялап, кепілдік берді. Нәтижесінде, Гульвира өзінің жеке үй-жайын сатып алды. Бұны ол ұзақ уақыт бойғы арманы болаты. Өйткені ол 8 жыл бойы бөлмені жалдап келген еді.
«Менің қуанышымда шек болған жоқ. Мемлекеттік қолдаудың арқасында мен өз арманымды жүзеге асырдым. Алғашқы субсидия түскен кезде мен мемлекеттің көмегін толық сезіндім. «Банк Центр Кредит» пен «Даму» Қорының арқасында біз ассортиментті одан әрі кеңейттік, қазір 100-ден астам жартылай дайын өнім шығарамыз, жаңа жұмыс орындарын аштық, әрине, қазір біз жалға алынған бөлме үшін емес, өз ғимаратымыз үшін төлейміз. Рудныйдағы цехтан басқа, Қостанай қаласында нүкте ашылды, Рудныйда екіншісін ашуды жоспарлап отырмыз. Мен несие алуға өтініш беруге тәуекел еткенімен қуаныштымын, өйткені мен мемелекеттің көмегісіз ешқашан өз ғимаратымды сатып ала алмас едім», - дейді Гүлвира.
Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ленин көш., 193
Телефон: +7 771 293 08 45
Инстаграм: @ip_gulvira