Николай Викторович Спиридонов ашқан «BID Style» ЖК 15 жылдан астам уақыттан бері корпустық жиһаз өндіріп келеді.Бұл кәсіпті ол гаражда отырып бастады деуге болады. Көлемі 100 ш.м болатын бұл бөлмені ол шкаф жасайтын цехқа айналдырды.
«Корпустық жиһаз жиынтықтарын кез келген жерде пайдалануға болады. Бұл қаладағы стандартты пәтер, саяжай, кеңсе немесе базар болуы да мүмкін. Өндірісте модельдік желі модификацияларының кең ассортименті бар. Күнделікті пайдаланатын жиһаз қаңқалары мен ас үй жиынтықтарын шығарамыз. Олардың өлшемдері мен конфигурациялары әртүрлі», - дейді Николай Викторович.
Жабдықтар мен жиһаз сапасын жақсарту мақсатында кәсіпкер «First Heartland Jusan Bank» АҚ-да несие алды. «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында «Даму» Қоры пайыздық мөлшерлемені 8%-ға дейін төмендетіп, кепілдік берді.
Instagram: @mebel_b.I. d. style
Телефон: +7 705 965 49 39
Талдықорған қаласы, Алдабергенов көшесі, 190