menu
Жабу

Қарттарға ілтипатпен қарайтын пансионат

30.12.2024

Уазира Ахмедиярова облыста қарттарға арналған ең алғашқы жеке интернат үйін ашқан кәсіпкер. Көп жағдайда қарт туыстарына күнделікті күтім жасауға кез келген адамның мүмкіндігі бола бермейді. «Источник» сияқты пансионаттар қызметі осындайда керек. Мұнда қонақтарға төрт мезгіл тамақ беріп, жуындырып, төсек-орын мен іш киімін ауыстырып, қан қысымын өлшеп, денсаулығын қадағалайды. Штатында әкімші, үй қызметкері, екі аспаз және екі санитар, медбике және сегіз күтуші бар. 

Уазира – Жәнібек ауданының тумасы. Мамандығы экономист, банк саласында тәжірибесі мол. Қарапайым маманнан Ақтаудағы банктердің бірінің бас есепшісіне дейін қызметте өрледі. Бірақ бір күні банк жабылатыны белгілі болғанда Уазира алда не істерін ойлай бастады. 

«Дәл сол жазда сіңлім мен күйеу бала қонаққа келді. Екеуі де медицина қызметкері, күйеу бала Оралда қарттарға арналған пансионат ашуды ұсынды. Бала кезімнен дәрігер болуды, науқастарды емдеп, қарауды армандайтынмын. Сондықтан болар, бұл ой маған жақты», – дейді Уазира. 

Әркімнің өз мүмкіндігі бар, әркімнің жағдайы әртүрлі. Айтпақшы, сіз қарт туысыңызды бір аптаға, тіпті 1-2 күнге де пансионатқа орналастыра аласыз. Мысалы, сіз демалысқа кетсеңіз немесе вахталық негізде жұмыс істесеңіз және жақын адамыңызды қараусыз жалғыз қалдырғыңыз келмесе – пансионат көмектеседі. 

«Еуразиялық банктен» ғимарат сатып алуға 2024 жылы 19,25%-бен несие алғанда «Даму» Қоры қолдап, «Бірыңғай кешенді бағдалама» бағдарламасы бойынша сыйақы мөлшерлемесін 7%-ға түсірді. 12,25%-ын Қор субсидиялайды. Содай-ақ «Даму» Қоры несиеге кепілдік жеткіліксіз болған кезде кепіл болды. 

«Источник» пансионаты қазір қарттар мұнда өзін үйдегідей сезінетін орнына айналды. Ал Уазира арманының ақиқатқа айналғанына қуанышты. Қарттар қамқорлықта қартаяды, ықыласқа бөленеді. Бұл – жылу мен махаббат мекені. 

БҚО, Бәйтерек ауданы, Асан көшесі, 14

Тел. +7 (777) 988 68 56

instagram: @pansionat_v_uralsk