Уақыт – құнды ресурс. Кейде өмірдің жылдам қарқыны толыққанды, дәстүрлі тағамдарды дайындауға уақыт қалдырмайды. Мұндай сәттерде жартылай фабрикаттар үй шаруасындағы әйелдер үшін таптырмас мүмкіндік. Олар ұзақ сақталады және дүкен аралайтын уақытты үнемдейді.
Жартылай фабрикаттардың дәл осы қасиеттері кәсіпкер Оразаева Мейрамкүлді өндірістің осы түрімен айналысуға итермеледі. 2014 жылы Мейрамкүл үй-жайды жалға алып, «Игілік» брендімен жартылай фабрикат шығара бастады. Түшпара, мәнті, котлет, қырыққабат орамдары, самса, үй кеспесі және т.б. қолмен түйіліп, жасалып, сапалы табиғи инриденттерден жасалатындықтан, дәмі үйдікіндікіндей болып шығады. Соның арқасында жергілікті сатып алушылардың жүрегін бірден жаулап алды.
Кейінірек Мейрамкүлге қызы Мөлдір қосылды. Оның бизнеске деген жастық көзқарасы жаңашылдық енгізу туралы шешімге итермеледі. Атап айтқанда, «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы өнімді насихаттау ұсынылды. Бұл жаңа клиенттер тауып, аудиторияны кеңейтуге көмектесті. Тағы бір шешім – шығарылатын өнімдердің ассортиментін кеңейту, балалар мәзірін қосу болатын. Мысалы түрлі-түсті тұшпараны табиғи шпинат, сәбіз және қызылша шырынынан, жасанды бояғыштарсыз жасау. Мұның бәрі өнімдерді қауіпсіз ғана емес, сонымен қатар пайдалы да етеді.
2024 жылы «Игілік» ЖК «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында субсидия және кепілдік түріндегі «Даму» қорының қолдауын алды. Инвестиция үшін несиені «Фридом Банк» АҚ мақұлдады.
Қаражат цехқа арналған жабдықтар, атап айтқанда мұздатқыш, қамыр илегіш және қамыр жайғыш машина сатып алуға жұмсалды.
Қызылорда қаласы, А.Ахун көшесі, 39а үй
тел: +7 747 355 10 95
Instagram: @igilik_qzo