Шымкентте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында бірнеше жаңа өндіріс орны іске қосылды. Бұл – өңірдің экономикалық дамуы жолындағы маңызды қадам.
«Даму» қорының қолдауын алған жобалардың бірі — «Balabi Textile» ЖШС зауыты. Бұл — жоғары технологиялық шұлық бұйымдарын өндіретін кәсіпорын, 260 жұмыс орнын ашуды көздейді. Жобаға салынған жалпы инвестиция көлемі 6,5 миллиард теңгені қамтиды, ал зауыттың жылдық өндірістік қуаттылығы 24 миллион жұп шұлықты құрайды.
Компания басшылығы мемлекеттік қолдаудың және экономикалық аймақтың қолайлы орналасуының арқасында жобаның сәтті жүзеге асатынына сенімді. Қазіргі уақытта зауыт заманауи жабдықтармен толықтай жабдықталып, толық қуатында жұмыс істеуге дайын.
Бірыңғай кешенді бағдарламасының аясында зауыт 2024 жылы «ForteBank» АҚ-нан инвестициялық мақсатқа 19,75% жылдық мөлшерлемемен несие алды, оның 11,75%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды.
Кәсіпорынның мекенжайы: Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Жұлдыз тұрғын алқабы, «Оңтүстік» АЭА, 127/2 ғимарат.