menu
Жабу

Павлодар қаласында «A' ppetit» эко-наубайханасы жұмыс істейді

Жаңалықтар
18.12.2024

«ECO City Pavlodar» ЖК басшысы Махаббат Анаеваның отбасы салауатты тамақтану салтын ұстанады. Олардың дастарханында ақ қант жоқ, балалар газдалған тәтті сусын ішпейді немесе торт жегенде артынан тәтті шырын ұрттамайды. Жылдар бойы олар басқа қала немесе елдерден қант алмастырғыш, түрлі өнім, джем, шоколад алдырып келді.

Пандемия кезінде олар көп жақын адамынан айырылды. Олардың барлығының «қант диабеті» диагнозы бар еді. 2020 жылы Махаббат Анаева жұбайымен бірге қакладағы осындай тұрғындарға қалай көмектесу жайын ойлай бастады. Оларды вирустың ауыр зардаптарынан қалай қорғауға болады, антибиотик қабылдауды азайтып, жалпы иммунитетті көтеруге болады деген ой маза бермеді. Бұл – шешім қабылдауға түрткі болды.

Кәсіпкер негізінен саудамен айналысатын. Атап айтқанда, «ECOSHOP» – салауатты тамақтану өнімдерін сататын concert store дүкенінің жұмысын жүргізді. Қазір қалада экологиялық өнімдер мен тауарлардың екі дүкені бар.

2023 жылдың ақпан айында Махаббат Анаева мен жұбайы глютенсіз кондитерлік өнімдер мен жартылай фабрикаттар шығаратын жеке цехты іске қосып, пайдалы дүниелерді өздері шығара бастады. Бұл өндірістің басты мақсаты жергілікті халықты ГМО-сыз, алмастырғыштарсыз, дәм күшейткіштерсіз, ақ тазартылған қантсыз және глютенсіз, лактозасыз табиғи экологиялық таза өнімдермен қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтының диетасын әртараптандыруға көмектесу.

Екінші мақсат – Павлодарда эко-наубайхана брендін құру. Қазір эко-наубайхана күн сайын глютенсіз, қантсыз, лактозасыз он төрт түрден астам түрін пісіреді. Сондай-ақ, наубайхана глютенсіз жартылай фабрикаттар жасайды.

«Глютенсіз және лактозасыз диета ерекше балаларға арнайы дайындалады. Мұндай диетаны ұстанғанып, сонымен қатар остеопат, невропатологтармен кешенді жұмыс жасағаннан кейін, көптеген кішкентай клиенттер сөйлесй бастады, кейбіреулерінің диагнозын алып тастады», - дейді кәсіпкер.

2022 жылы Махаббат Анаева «First Heartland Jusan Bank»-тен инвестицияға 15 000 000 теңге және айналым қаражатын толықтыруға 5 000 000 теңгені 23%-бен алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында 17%-ын мемлекет субсидиялап, қарыз алушы үшін мөлшерлеме алты пайызға түсірілді. Сондай-ақ осы қарыз бойынша «Даму» Қоры 85% мөлшерінде кепілдік берді. Биыл тағы да «Банк ЦентрКредиттен» 23 250 000 теңге несие алғанда «Даму» Қорының 44% кепілдігін пйдаланды.

Өндірісте технологтар Павлодар мен Қарағандының ұнын пайдаланады. Сондай-ақ, отандық өндіріс майлары қолданылады. Барлық пісіру зертханалық зерттеулерден өтті және сәйкестік сертификаттарымен расталды.

Мекенжайы: Павлодар қаласы, Қ.Сәтпаев көшесі, 245/1

8-775-444-52-07, 8-700-444-52-07

Инстаграм: @appetit_bakery