menu
Жабу

Шымкентте автоклавта газбетон өндіретін жаңа зауыт іске қосылды

Жаңалықтар
17.12.2024

«Tectum Engineering» ЖШС 2012 жылдан бері құрылыс материалдары нарығында сенімді өндіруші ретінде танылған. Негізі қаланған күннен бастап компания өз саласына инновациялар мен заманауи технологияларды енгізуге ұмтылып келеді.

Жаңа зауытты ашу үшін компания «Forte Bank»-тен жылына 19,75%-бен несие алды. Оның 11,75%-ын «Бірыңғай кешенді бағдарламасы» аясында «Даму» Қоры субсидиялайды. Бұл қолдау қарыз жүгін жеңілдетіп, зауыттың ашылуын жеделдетуге елеулі әсерін тигізді.

Жалпы тартылған инвестиция көлемі 6,0 млрд теңгені құрады. Алдағы уақытта зауыт жылына 200 000 куб.м. газобетон өндіруді жоспарлап отыр. Бұл құрылыс саласының сапалы әрі қолжетімді материалдарға деген сұранысын толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Зауыттың іске қосылуының арқасында 60 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл тек аймақтағы жұмыссыздықты азайтып қана қоймай, жергілікті экономиканың дамуына да ықпал етеді. Зауыттың даму қарқыны мен табысты көрсеткіштері оны коммерциялық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік жауапкершілігі мол жобалар қатарына да қосады.

Газбетон тұрғын үй кешендерін, өндірістік объектілер мен бюджеттік мекемелерді салуда кеңінен пайдаланылады. Жаңа зауытта тек экологиялық таза, сертификатталған минерал қоспалар қолданылады. Аталған материалдың экологиялық және экономикалық жағынан артықшылығы көп екені осы уақытқа дейін мойындалған.

Зауыттың мекенжайы: Шымкент қ., Капал батыр көшесі, 5 км, «Оңтүстік» индустриалды аймағы.

Байланыс телефоны: +7 707 511 11 16