Ләззат Шанғытова Тараз қаласындағы «Ауыл Береке» базарында жалға алынған дүкенде ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техника сатады. сатады. Жақсы табыс тауып, ісі өрге жылжығаннан соң кәсіпкер Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында сауда орталығын салу туралы шешім қабылдады.
Ләззат Мырзабекқызы «Даму» қорының Жамбыл облысы бойынша филиалында болып, егжей-тегжейлі кеңес алу үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ға несие алуға өтініш жасады. Кәсіпкер құжаттардың толық топтамасын жинап, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ға несие алуға өтінім берді. Банк несиелеу бойынша оң шешім қабылдады және жоба «Даму» қорының кепілдігімен және пайыздық мөлшерлемені субсидиялаумен «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында қолдау тапты.
Жаңа сауда орталығын салып, Ләззат Шаңғитова жергілікті тұрғындардың сұранысын ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техниканың үлкен ассортиментін жеткізіп, қосымша жаңа жұмыс орындарын ашты.
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Орынқұлов көшесі, 44 а учаскесі
+7 702 920 60 37