«Массаж және мануал терапия орталығы» ЖШС компаниясының директоры Вячеслав Белякин Жезқазған қаласының тумасы. Бұрын жоғары дәрежелі спортшы, бокстан спорт шеберлігіне кандидат болған. Оның дәрігер болу арманы оны медициналық колледжге алып келді. Студент бола жүріп Вячеслав кәсіби массаж жасау өнерін де меңгерді.
Колледж бітіргеннен кейін «Медициналық орталыққа» массаж бойынша маман ретінде жұмысқа орналасып, төрт жыл бойы сол жерде жұмыс істейді. Оның іскерлігі, сапалы қызмет көрсетуге деген ұмтылысы және жеке көзқарасы көптеген тұрақты пациенттерді тартты. Бұл оның табысының негізі болды. Халықтың массажға деген сұранысы жоғары болғанын көрген Вячеслав «Массаж және мануалдық терапия орталығы» құру туралы шешім қабылдады. Орталықты ол өзінің барлық жылжымайтын, жылжымалы мүлкін сатып, үстіне қарыз қаражатын қосып ашты.
Жезқазған қаласындағы массаж және мануалды терапия орталығы 2022 жылы осылай құрылды. Қазір Ұлытау облысының тұрғындары арасында танымал. Қазір көп отырып, аз қимылдайтын қазіргі үрдіс денсаулыққа күтім жасау қажетін көрсетеді. Бұл аймақ тұрғындарының 80%-ы ауыр өнеркәсіпте, өндірісте (шахталар мен зауыттар) жұмыс істейді, бұл тірек-қозғалыс аппаратына әсер етпей қоймайды. Жиі кездесетін диагноз – остеохондроз, арқа және мойын аурулары.
Бұл аурулардың тиімді шешімі ретінде сауықтыру массажымен қоса инетерапия, хиджама (вакуумдық массаж), пресстерапия, электрофорез, фитобөшке, дренаж массаж ұсынылады. Орталықтың командасы терең медициналық білімі мен тәжірибесі бар жоғары білікті мамандардан құралған.
Жезқазған қаласында ісін табысты жүргізгеннен кейін және халықтың үлкен сұранысына байланысты Сәтбаев қаласында филиал ашу туралы шешім қабылданды. Коммерциялық үй-жай сатып алу үшін кәсіпкер «Даму» қорының қолдауын алу мақсатында «Центр Кредит Банкіне» жүгінді. Нәтижесінде оның жобасы мемлекеттік бағдарлама («Моно- және шағын қалалардағы ШОБ қолдау» бағыты) аясында мақұлданды. Мұнда кәсіпкер үшін түпкілікті мөлшерлеме 9,25%. Айырмасын Қор субсидиялайды.
Несие қаражатына коммерциялық үй-жай сатып алып, заманауи стильде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сәтбаев қаласындағы «Массаж және мануалды терапия орталығы» филиалы 2024 жылғы 17 қарашада ашылды және компания директорының басқаруымен он маманды жұмыс орнымен қамтамасыз ете отырып, қазірдің өзінде табысты жұмыс істеуде.
Жезқазған қаласы, Гагарин көшесі 14,
Сатпаев қаласы, Гурба көшесі, 94
+ 7 707 198 2118
Instagram: @massazh_centr_