Балнұр Алымқызы төрт жыл ішінде сөйлеуі қиын 3000-нан астам балаға көмектесті. Ол ашқан орталық 2020 жылдан бері баланың ақпарат қабылдауы, сенсор-моторика мен сөйлеуін небәрі 3 айда қалыптастырып келеді.
Бұған дейін ғимаратты жалға алып келген кәсіпкер логопедиялық орталық үшін жылжымайтын мүлік сатып алуды ойластыра бастады. Сөйтіп 2024 жылы «Даму» Қорының қолдауымен 100 шаршы метр бөлме сатып алды.
Жылжымайтын мүлік сатып алу идеясын «Қазақстан Халық Банкі» қолдап, 20,75%-бен несие берді. Қазір қарыз алушының түпкілікті мөлшерлемесі «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында 8%-ды ғана құрайды. Ал айырмасын мемлекет өтейді.
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 17 ш/а, 73 үй/9.
Тел: +7 777 650 33 13
Instagram: @balnur_alymqyzy