menu
Жабу

Тәтті арманнан табысты бизнеске дейін

Жаңалықтар
24.12.2024

«Пекарь» ЖК-ны Толстая Мария Владимировна 2023 жылы тіркеген. Кәсіпкер бизнесті нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіруден бастады. Бастапқыда үйде жеке тапсырыстарды өз бетінше қабылдаған. Өнімге деген сұраныс артқанда кондитерлік цех ашуды ойлай бастады.

Замануи сапалы десерттер жасау үшін Марияға кәсіби техника сатып алу қажет болды. Бірақ ақшасы аз еді. Оның жалғыз шешімі несие болғанмен тәуекелі де оңай емес. Бірақ Мария Толстая өз идеясына сеніп, мақсатын жүзеге асыра алатынына сенімді еді.

2023 жылы Мария Толстая Тараз қаласындағы кондитерлік цехқа арналған жабдықтар сатып алуды жоспарлап «Bereke Bank»-ке жүгінді. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» қорының субсидиясы мен кепілдігін пайдаланып, жүгін жеңілдетті.

Қазір кәсіпкер жобаны табысты жүзеге асырып, бизнесін белсенді дамытуда. Жабдықтар сатып алуға жұмсалған қаражат өнім ассортиментін кеңейтуге, сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Жаңа өткізу орындары мен маркетингтік белсенділікті күшейту клиенттерді көбейтіп, айналымды ұлғайтты.

Мекенжайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Қаратау ы/а 30

Алатау ш/а, № 8 үй.

Тел. +7700-800-81-01

Instagram: @Realbakery_taraz