«INVEST STROY LES» ЖШС 2022 жылдан бері ағаш өндірісі, атап айтқанда ағаш кесу және тегістеу, бөрене тілу, кесілген және кесілмеген тақтай, бағана, белағаш, шпал, отын секілді өнім шығарумен айналысып келеді. Компания бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс істейді. «INVEST STROY LES» компаниясының негізгі тұтынушылары қазақстандық жер қойнауын пайдаланушылар, құрылыс компаниялары, сондай-ақ жеке үй тұрғындары. Барлық өнімдер құрылыс және жөндеу мақсатында кеңінен қолданылады. Компанияның айрықша артықшылықтары: ағаштың барлық түрлерін өңдей алуы, өз өндіріс базасы, жоғары сапа, бүкіл Қазақстан бойынша автомобиль және темір жол жүк жеткізілімдері, тиімді бағалар, тұрақты клиенттер мен 1000-нан астам разы болған тұтынушылар үшін арнайы ұсыныстар.
2023 жылы компания жаңа бағытты – ағаштан төсеме жасауды бастады. Ағаш төсемелер әртүрлі өндіріс, бөлшек және көтерме сауда салаларында тасымал кезінде қолданылады. Сол жылы компания бизнесті кеңейту үшін алғаш рет несие алды жүгінді. Компанияның «Банк ЦентрКредиттен» инвестиция мен айналым қаражатын толықтыру үшін алған қарызын «Даму» Қоры «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында субсидиялады. Қаражат бөренелерді кесуге, төсеме өндіруге қажетті бөренелер мен тақталарды өндіруге, сондай-ақ төсемелерді одан әрі өңдеу және өндіру үшін Ресей мен Қазақстанда бөренелер сатып алуға жұмсалды.
2024 жылы компания айналым қаражатын толықтыру үшін тағы да осы банкке жүгініп мақұлдау алды. «Даму» қоры «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында осы несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялап қана қоймай, несие сомасының 82%-на кепілдік берді.
Мемлекеттік қолдау компанияға шығарылатын өнім түрлерін кеңейтуге, өндіріс көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ өткізу нарығын ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Челябинск көшесі, 36
Тел: +7 775 747 58 80
Email: sindikatstroy.too@mail.ru
Instagram: @investstroyles