Шымкент қаласының жаңа терминалының ашылу салтанатына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков және «SCAT» авиакомпаниясының президенті Владимир Денисов қатысты. Салтанатты шара барысында жаңа терминалдың ішін аралап көріп, «Астана-Шымкент» бағытындағы алғашқы рейс қабылданып, аталған рейстің ұшуы ұйымдастырылды.
«Даму» Қоры қолдаған бұл ауқымды жоба Шымкент қаласының дамуы үшін маңызды кезең болмақ. Жаңа терминалдың жалпы алаңы 40 мың шаршы метрді құрайды, ол сағатына 2000 жолаушыны қабылдауға мүмкіндік береді. Жобаға жұмсалған жалпы инвестиция көлемі 24 миллиард теңгені құрап, халықаралық стандарттарға сай заманауи, жоғары технологиялық инфрақұрылымның құрылысын жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
Жаңа терминал Шымкенттің транзиттік әлеуетін арттырып, жолаушылар ағынын көбейтіп, рейстер географиясын кеңейтуге ықпал етеді деп күтілуде. Бұл, өз кезегінде, 700 жаңа жұмыс орнын ашуға себепші болып, аймақ экономикасына оң әсерін тигізеді. Қала тұрғындары мен қонақтарына әлемдік талаптарға сай, жылдам әрі сапалы қызмет көрсетіледі.
Жаңа терминалдың құрылысын бастаған «SCAT» авиакомпаниясы 2020 жылы «Даму» Қорынан қолдауға жүгінен бол. Авиакомпанияның өтінішін қараған «Халық Банк» АҚ-ы 14% мөлшерлемемен несие беріп, оның 7%-ын «Даму» Қоры субсидиялаған. Бұл жоба мемлекеттік және жекеменшік сектордың ынтымақтастығының табысты үлгісіне айналды.
Жаңа терминал Шымкент қаласының халықаралық экономикалық жүйеге интеграциясында маңызды рөл атқаратын болады. Ол қаланың логистикалық мүмкіндіктерін арттырып, жаңа инвесторларды тартуға септігін тигізеді. Бұл өз кезегінде Шымкенттің халықаралық аренадағы рөлін нығайта түседі.
Мекенжай: Шымкент қаласы, Шымкент халықаралық әуежайы.
Телефон: +7(7252) 99-88-80
Сайт: www.scat.kz