Ұлытау – облыс орталығы мәртебесін алғаннан кейін құрылыс қарқыны күшейді. Соңғы екі жылда тек үйлер ғана емес, сондай-ақ өндіріс нысандары, әлеуметтік мәдени-тұрмыстық мекемелер және тағы басқа да ғимараттар салына бастады. Саладағы негізгі мәселенің бірі – отандық құрылыс заттары тапшылығы.
Құрылыс материалдарын дұрыс таңдаудың маңызы зор. Мамандар жұмысының сапасы пайдаланылатын құрылыс материалдарының сапасына тікелей байланысты. Құрылыста ең заманауи материалдарды пайдалану ұзаққа шыдайтын, аса сапалы, берік және сенімді ғимараттарды салуға мүмкіндік береді. Ал құрылыс материалдары нарығындағы дүниелер жетіліп, үнемі жаңа өнімдер пайда болып отырады. Мысалы, қарапайым кірпішпен қатар құрылыста газ-бетон блоктары да қолданылады, тіпті кең таралып келеді. Олар беріктігі жағынан кірпіштен қалыспайды және салмағы аздау.
2013 жылы құрылған «Таң-Нұры 2020» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ұлытау облысы бойынша құрылыс материалдары нарығында көшбасшы саналады. Компания қабырға тастары мен блоктар (шлак блоктар, құм блоктар, қайта өңдеу блоктары, керамзитбетон блоктары және т.б.), қаптама тастар мен кірпіштерді, тротуар плиткалары мен брусчаткаларын, жол жиек кенерелері секілді көптеген өнімдердің кең ассортиментін шығарып келеді.
Өндірісті кеңейтуге қаражат керек болғанда «Таң-Нұры 2020» ЖШС «Банк Центр Кредиттен» несие алды. Мемлекеттік бағдарлама аясында «Даму» қоры ол қарыздың сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялап («ШОБ қолдау» бағыты) қолдады. Қаражат газ бетонынан жиектер мен кеспе тастар шығаруға арналған жабдықтар сатып алуға жұмсалды.
Компания директоры Башар Нұрым келесі жылы өңірде асфальт өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр.
Мекенжайы: Жезказган қаласы , Степная көшесі 5
Байланыс телефоны: +7 705 978 42 43