Бетон – құрылыс, жөндеу жұмыстары кезінде пайдаланылатын, сұранысқа ие құрылыс материалдарының бірі. Бұл материалды шағын жеке шаруашылықтардан бастап ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарға дейін пайдаланады. Бетонға сұраныс үзілмейтіндіктен, оны өндіретін зауыт ашу – тиімді бизнес. Осыны түсінген Дәулет Тапалов темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыт ашуға бел буды. Кәсіпкер компаниясына «Louis Beton Kz» деген ерекше атау берді. Компания темір бетон бұйымдарының барлық түрлерін, стандартты емес мөлшердегі жабын плиталарын, жол және тротуар жиектемелерін, барлық маркалы дайын бетонды өндіреді. Барлық бұйым мұқият тексеруден өтеді. Кәсіпорында технологиялық процестің барлық циклін бақылайтын зауыттық сынақ зертханасы жұмыс істейді, оған шикізат компоненттерін дайындау, қоспаны мөлшерлеу және араластыру кіреді.
Бетонның жалпы өндірісі айына 8 800 м3 құрайды. Кәсіпорынның негізгі және тұрақты сатып алушылары тізімінде ірі құрылыс компаниялары, сондай-ақ жеке ұйымдар бар. Кәсіпорында 40-қа жуық адам еңбек етеді. Инженер, оператор, зертханашыларды қоса алғанда, компанияның барлық қызметкерлері өз ісін білетін тәжірибелі мамандар.
Өндірісті кеңейту үшін «Louis Beton Kz» ЖШС несие алғанда «Даму» қоры сыйақы мөлшерлемесін субсидиялады.
Бетон және арматура - кез келген темір бетон бұйымының құрамдас бөліктері. «Louis Beton Kz» компаниясының темір бетон бұйымдары механикалық жүктемелерге, қатты соққыларға, созылуларға және иілу жүктемелеріне төзімді» дейді кәсіпкер.
Қызылорда қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 95
Тел: +7 776 005 50 55
Инстаграм: @louis_beton_kz