menu
Жабу

Батыс Қазақстан облысындағы ет өңдейтін заманауи өндірістік кешен

08.01.2025

«Juban Group» 2013 жылы мұнай өнімдерін, атап айтқанда дизель отынын бөлшек саудалайтын кәсіпорын ретінде құрылған. Серіктестік Атырау, Теңіз, Ақсай және Қарабатанға қызмет көрсетті. Кәсіпорын дами келе бір бағытта тоқтап қалмай, жаңа бағыт – мал шаруашылығы, ет өңдеу өнеркәсібін игеруді ұйғарды.

Осы мақсатта «Еуразиялық банктен» Батыс Қазақстан облысында ет, ішкі өнімдер және жартылай фабрикаттар өндіретін ет өңдеу зауытын сатып алу үшін несие алды. «Ұлттық жоба» бағдарламасына қатысудың арқасында 21,5 пайыздық несиенің 14 пайызын «Даму» қоры субсидиялады. Бұл қаржылай жүктемені азайтуға және бизнесті дамытуды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Ет өңдеу кешенінде: мал сою алаңы, діни мақсатта сою боксы, тоңазытқыш камерасы, қоймалар, ветеринарлық пункт бар, ірі қара цехында тәулігіне 50 бас және ұсақ мал цехында тәулігіне 300 бас мал сойылады. Кәсіпорын ет брендтері мен азық-түлік таңдауларын үнемі дамытуға, сонымен қатар өндіріс пен тұтынушыларға қызмет көрсетуде жақсы нәтижелерге қол жеткізуге тырысады.

БҚО, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Трасса Чапаев-Жалпактал к-сі, 1 км, 2 құрылымы

Тел. +7 776 945 55 43