Түркістан облысының әсем аймағында орналасқан «Шымбұлақ» сауықтыру кешені жергілікті табиғи ресурстар мен заманауи медициналық технологияларды үйлесімді біріктіру арқылы денсаулықты қалпына келтіретін ерекше орынға айналды.
2023 жылы мұнда «Ақсу шипажай» атты жаңа объекті құрылысын аяқтау үшін шипажай басшылығы «ForteBank»-тан қарыз алды. «Даму» Қоры «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені 7,25%-ға дейін төмендетіп, субсидиялады. Соның арқасында 2024 жылы жаңа шипажайы есігін ашты.
Бүгінгі таңда шипажай екі кешеннен тұрады, олар кең ауқымды медициналық қызметтер мен жайлы тұрғын жай ұсынады. Қонақтарға арнайы диетамен үш мезгіл тамақ, түрлі сауықтыру процедуралары, соның ішінде минерал ванна, циркуляр себезгі, ультрадыбыс, УФО терапиясы және тағы басқа көптеген қызметтер ұсынылады.
«Біздің қонақтарымыз өңірдің табиғаты мен тыныштығын тамашалай отырып, дене бітімін жақсартып қана қоймай, рухани тепе-теңдікті қалпына келтіре алады», - дейді «Шымбұлақ» емдеу-сауықтыру шипажайының директоры Қилыбаева Ақмарал Нұрәлиқызы.
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Көктерек а.о., Көктерек кенті, Т. Рысқұлов к-сі, 2-үй.
Телефон: +7 700 710 55 99