menu
Жабу

«Денсаулық, жайлылық және өмір сапасы!»

06.01.2025

2019 жылы құрылған «Medicare International» ЖШС – протез-ортопедия бұйымдардың барлық түрін заманауи технологиямен жасап шығаратын отандық өндіруші, клиенттерге жоғары сапалы және кәсіби қызмет көрсету мақсатында құрылған инновациялық орталық.

Орта есеппен бұйым 10 күн ішінде дайындалады. Протез жасау кезінде пациент медициналық стационарда болады. Онда күніне төрт уақыт тамақтану, емдік дене шынықтыру залы, ТВ, интернет, кір жуатын орын қарастырылған. Кейіннен пациент ортопедия бұйымын пайдалану бойынша міндетті оңалту кезеңінен өтеді. Техник-протезист оларды арнайы жолда (штанга түріндегі бекітпелері бар) немесе балдақ пен таяныштардың көмегімен оқытады.

2019 жылдан бері өндірілетін өнім желісі 30 атаудан 206-ға дейін (аяқ, қол протездері, аяқ киім, корсеттер, бас ұстағыштар) ұлғайды. Олар көміртек, электроника, пневматика, гидравлика, көміртекті пластикті қолдана отырып жасалады. Сондай-ақ, бұған дейін отандық материалдардың үлесі небәрі 12% құраса, бүгінде 65%-ға жетті.

2024 жылы компания «Банк ЦентрКредиттен» айналым қаражатын толықтыруға несие алғанда «Даму» Қоры «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында (моно-және шағын қалалардағы ШОБ қолдау) қолдау көрсетіп, кепілдік беріп, қарыздың пайыздық мөлшерлемесін субсидиялады.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талғар ауданы, Белбұлақ ауылы, Жібек Жолы көшесі 2А

Телефон: 8 777 222 42 22; 8 708 219 34 58;

Пошта: ssk-almata@mail.ru

Инстаграмм: @medicare.international.kz