menu
Жабу

«ТТ және К» ЖШС компаниясының табыс тарихы

13.01.2025

«ТТ және К» ЖШС 2020 жылы 5 қаңтарда Ақтөбе қаласының «Батыс-2» жаңа ауданының тұрғындарына білікті медициналық көмек көрсету мақсатында құрылған. Сол күннен бері ұйым денсаулық сақтаудағы инновациялар мен жоғары стандарттарды ұстанып келеді. Клиника заманауи жабдықтарды пайдалана отырып, терапия, хирургия және диагностика қызметтерінің кең ауқымын ұсынады.

Алғашқы күннен бастап компания халыққа кешенді түрде амбулатория-емхана, учаске бойынша профилактика, диагностика, емдеу және оңалту, сондай-ақ санитария-гигиена қызметін көрсетеді. 2024 жылдың өзінде клиника 17 мыңнан астам адамды қамтыды. Биыл 20 мың адамға дейін тіркеуді көздеп отыр.

Компанияның қарқынды дамуы кеңейту және қаржыны қажет етті. Жаңа жоба аясында қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін ауданы 615,8 шаршы метр үй-жай сатып алу жоспарланды. Жобаны жүзеге асыру үшін «Банк Центр Кредиттен» несие алынды. Оның 13%-ын «Даму» Қоры арқылы мемлекет бес жылға субсидиялайды, кәсіпкерге қалатын мөлшерлеме 8%.

«ТТ және К» ЖШС кепілдік берілген тегін медициналық көмекпе қатар ақылы қызметтер де көрсетіп, табысын тұрақты арттырып, пациенттердің жағдайын жасап отыр.

Бұл табыс тарихы стратегиялық жоспарлау, инновация және халықтың қажеттіліктеріне қарай ыңғайлану идеясы аймақ экономикасына пайда әкелетін бизнеске айнала алатынының жарқын мысалы.

Алтын Орда шағын ауданы, 10г к3

Байланыс деректері: +77053471597

Сайт: https://ttik.kz/ru

Инста: @poliklinika.ttik