Кәсіпкер Бегалиева Гүлзада Тұрлыбекқызы 2023 жылдың басында құрылтайшысымен бірге бастауыш сынып оқушыларына арналған 250 орындық заманауи мектеп салуды жоспарлады. Оқу ҚР білім берудің заманауи стандарттарына сәйкес келетін бағдарламалар, сондай-ақ инновациялық авторлық әдістемелер мен технологиялар бойынша жүреді.
Мектеп ашу – білім беру ортасын жақсарту үшін маңызды қадам ғана емес, сонымен қатар өскелең ұрпақ үшін білім алу жағдайын айтарлықтай жақсартатын шешім. Өйткені әрбір ата-ана балаға жақсы және сапалы білім беруге ұмтылады.
Компания өз қаражатына Қордай ауданының Қарасу ауылынан жер учаскесін сатып алып, жалпы ауданы 1 326,1 шаршы метр болатын қос қабатты ғимарат салды. Бірақ құрылысды аяқтауға қосымша қаражаты қажет болды.
Осы кезде Гүлзада Бегалиева «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының АҚ Жамбыл филиалына жүгінуге шешім қабылдады. Мұнда келіп несие алу жайлы толық ақпарат алған соң кәсіпкер «Қазақстан Халық Банкіне» жүгініп, қарыз алды. Жобаны субсидиялау және кепілдік беру құралдары бойынша «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» қоры қолдады.
Мемлекеттік бағдарлама аясында жеңіл несие алғаннан кейін Жамбыл облысында 1-4 сынып оқушыларына арналған жаңа мектеп ашылды. Жаңа мектеппен бірге жаңа жұмыс орындары, спорт, музыка үйірмелері де пайда болды. Бұл жоба ауданда білім сапасын арттыру мүмкіндігі бар, ауылдағы білім беру инфрақұрылымын жақсартудың бір бөлігіне айналды.
Мектептің мекенжайы: Жамбыл облысы, Қордай ауданы,
Қарасу ауылы, А. Пушкин көшесі, 2Б.
Instagram: @nursila_b.o
Тел: +7 707 936 01 02