Қызылорда облысы жүз жылдан астам тарихы бар, Қазақстанның негізгі күріш егетін өңірі саналады. Онда күріштіктер ауданы республика бойынша жалпы көлемнің 89,4 пайызын алып жатыр. Облыс күріш өсіруге қолайлы климатымен танымал. Дәмі жағынан ең үздіктер қатарында.
Күріш көмірсу, дәрумен мен минералдарға бай. Сондай-ақ, бұл қуат беретін, денсаулыққа пайдалы тағам. Күріш өсіру оңай жұмыс емес. Оны қайта өңдеу де көп еңбек пен технологияны қажет етеді.
«Тан» ЛТД» ЖШС – күріш өндірісінің толық циклі, яғни, дәнді дақылды егуден бастап оны дайын өнім етіп сату процесі толық жүретін ірі компаниялардың бірі. Кәсіпкер Имамзада Шагиртаев кәсіпорынды 2005 жылы құрып, туған ауылының атымен «Таң» деп атаған. Бұл ауылда жылдар бойы күріш өсіріліп келеді. Имамзада еңбек жолын қарапайым механик болып бастаған. Тәжірибе жинақтап, өзінің агро шаруашылығын құрды. Қазір компанияда 150-ден астам қызметкер жұмыс істейді, тәулігіне 100 тонна күріш өңдеуге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтар мен үздік технологиялары бар. Сондай-ақ, компанияның барлық стандарттар бойынша сапалы күріш алу процесіндегі технологияның дәлдігін бақылайтын жеке зертханасы бар. Компания «Янтарь», «Король» , «Лидер» , «Каурис», «Альянс», «Элита» сияқты күріштің белгілі сұрыптарын «Дихан Али» брендімен шығарады. Өнімнің көп бөлігі Өзбекстанға, Ресейге, Қырғызстанға және Иранға экспортталады.
Күрішпен қатар, компания «TAN–FOOD» брендімен жартылай фабрикаттарды да заманауи жабдықты цехта шығарады.
«Тан» ЛТД» ЖШС көптеген жылдар бойы «Даму» Қоры арқылы субсидия алып, айналым қаражатын толықтырып, инвестиция салып келеді. Соның арқасында компанияның айналымы бірнеше есе өсті.
Қызылорда қаласы, Саяхат көшесі, 28/20 үй
тел: +7 (778) 252-88-88 , +7 (776) 202-47-77
сайт: www.tanltd.kz