menu
Жабу

«ZEREN» демалыс орталығы жаңа емдеу ғимаратын ашты

Жаңалықтар
16.01.2025

«ZEREN» шипажай-сауықтыру кешені көркі әсем Зерен көлінің жағасындағы орман аумағында орналасқан. Мұнда таза ауада ерекше қолайлы микроклимат қалыптасқан. «ZEREN» кешені 13 гектардан астам аумақты алып жатыр және қонып, түнейтін ғимараттар, емдеу орталығы, үлкен бассейн бар. Аумақтың көп бөлігі волейбол мен футбол алаңдары, серуендеуге және демалуға арналған аумақ, саябақтарға арналған.

Ашық аспан астында әуесқойлар үшін спорт залы, озондау және суды тазарту жүйесі бар бассейн, теннис корты, үстел теннисі, бильярд, балық аулау, қайықпен жүзу, катамаран, сноуборд, шаңғы мен коньки, велосипедтер мен атқа міну қызметі бар.

2024 жылдың қыркүйегінде «ZEREN» кешенінде 50 адамға дейін сыятын жаңа емдеу-профилактикалық корпус ашылды. Осы корпусты салу үшін «Зерен-Нұр санаторий-сауықтыру кешені» ЖШС Jusan Bank-тен қаржы алды. Жобаны «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында қолдап, қарызды субсидиялады. Бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасының арқасында несие мөлшерлемесі жылына 6%-ға дейін төмендетілді.

«ZEREN» санаторий-сауықтыру кешені Көкшетау, Астана және Қазақстанның басқа қалаларының тұрғындары үшін демалыс орны болып табылады. Қарағай орманының экологиялық таза ауасы заманауи емдеу-диагностикалық базамен бірге жүрек-қан тамырлары жүйесінің, тыныс алу органдарының, тірек-қимыл аппаратының, ас қорытудың, қан айналымының, эндокриндік және жүйке жүйесінің, урологиялық және гинекологиялық аурулардың кең спектрін емдеуге және оңалтуға мүмкіндік береді.

Байланыс:

Мекен-жайы: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы

Телефондар 8(71632) 21306, 8 775 847 3050, 8 771 162 4264

Сайт: zeren.kz

Инстаграм: @zerenhotel