Кеңес ал!
«Торговый дом Томский Лес» ЖШС 2016 жыл Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында тіркеліп, ағаштан қаптама, палет, ағаш конструкциялар өндіріп келеді.
Диляра Даубаева жетекшілік ететін компания паллет, ағаш конструкциялар өндіру саласында айтарлықтай жетістіктерге жетті. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қолдауының арқасында компания үздіксіз жұмыс істеу үшін өнім өндіруге қажет біраз қор жинап алды.
Кәсіпорын отандық тауар өндіруші санатында, СТ-КЗ сертификаты бар. Өнімнің жоғары сапасының арқасында «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тауар өндірушілерінің тізіліміне енген. Сондай-ақ ISPM15 халықаралық талаптарына сәйкес паллеттер мен ағаш материалдарын термиялық өңдейтін жөніндегі жабдығы болуы да өнім сапасына кепілдік береді. Кәсіпорын Қазақстан Республикасындағы ең ірі паллет жеткізушісі әрі экспорттаушы болғандықтан, Орталық Азияның көршілес аймақтарына ағаш паллеттер жеткізеді.
Өнімдерге тапсырыс беретін клиенттердің арасында Coca-cola, JTI, Tetra Pak, Kazakhmys Corporation сияқты ірі кәсіпорындар бар. Бұл – компанияны сенімді серіктес екенінің куәсі.
Диляра Баянбекқызы 2023 жылы «Банк ЦентрКредиттен» несие алып, «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қорының қолдауымен кепілдік беру және пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау шараларын қолдана отырып, айналым қаражатын толықтырды.
Алматы обласы, Енбекшіқазақ ауданы, Алға кенті
Телефон: 8 701 111 84 62; 8 702 630 44 04;
Сайт: www.pallet.kz; www.stroyles.kz
Пошта: info@stroyles.kz
Инстаграм: @lestomskii