menu
Жабу

Кеңес ал!

Жеке кәсіпкер Зәуреш Байжанова «Аяшки» брендімен тұшпара шығарады

Жаңалықтар
22.01.2025

Соңғы кезде мұздатылған дайын тағамдарға сұраныс артып келеді. Бұған халық санының көбеюі, қалалардағы өмір қарқынының жеделдігі, тұтынушылардың тамақ дайындауға уақыт үнемдеуі ықпал етеді.

Жеке кәсіпкер Зәуреш Байжанова 2014 жылдан бастап жартылай фабрикаттар өндіру саласында еңбек етіп келеді. 2022 жылға дейін «Уральские» брендімен жартылай фабрикаттар өндіріп, сатып келді. 2022 жылы кәсіпкер брендпен бірге бизнесін сатты.

2023 жылы Зәуреш Байжанова Талдықорған қаласында цех сатып алып, қызметін қайта бастауға шешім қабылдады. Жартылай фабрикаттар енді «Аяшки» жаңа сауда белгісімен шыға бастады.

«Дайын жартылай фабрикаттар Жетісу облысында өте танымал. Барлық өнімдер «өзім де жеймін» деген қағидатпен жасалады, осылайша оны балаларыңызға күмәнсіз бере аласыз. Біз үшін жұмыста бұл негізгі принциптердің бірі. Тазалық пен гигиена – сапалы өнімнің кепілі. Біз сенімді шаруа қожалықтарымен жұмыс істейміз», - дейді кәсіпкер Зәуреш Байжанова.

Даму «Қоры» мен екінші деңгейдегі банктер арқылы мемлекеттік қолдау бағдарламалары бар екенін білген кәсіпкер айналым қаражатын толықтыруға «Қазақстан Халық Банкінен» несие алды. «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында Даму «Қоры» пайыздық қарыз мөлшерлемесін субсидиялады және жетіспейтін кепілзат орнына кепілдік берді.

«Аяшки» брендімен қазір бірнеше жартылай фабрикаттар шығарады. Қолмен түйіліп, тек сапалы табиғи ингредиенттер қолданылатын өнімдер Талдықорған қаласының барлық сауда орындарына сатылады.

Телефон: +7 707 827 85 32

Мекенжайы: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Абылай хан көшесі, 226 үй