Кеңес ал!
Жиырма жыл бұрын Алматыда жиһаз жасайтын цех ашылды. Бұл – инновация мен заманауи дизайнның символына айналған болашақ компанияның бастауының негізі болатын. Осы жылдар ішінде команда кеңейіп қана қоймай, сонымен қатар заманауи жиһаз өнеркәсібінің бағытын анықтайтын идеяларды өмірге әкелді.
Жиһаз өндірісі тек трендтен қалмау емес, сонымен қатар озық технологияларды үнемі енгізу де. Инновациялық материалдар мен смарт технологияларды пайдалану жиһазды бірегей және сұранысқа ие етуге мүмкіндік береді. Алматы қаласындағы осындай компаниялардың бірі – «ДСП Центр» ЖШС. Оның жеке кеңсесі, қоймасы, өндіріс орындары бар.
Қазір компания Қазақстандағы жиһаз өндірісіне қажет материалдар мен жабдықтарды жеткізуші ірі компаниялардың біріне айналған. «ДСП Центр» ЖШС-де 100-ден астам адам жұмыс істейді.
«Компанияның миссиясы – елде жиһаз өнеркәсібінің дамуына атсалысу және халықты сапалы жиһазбен қамтамасыз ету, жиһаз өндірісі үшін ең жақсы материалдар, жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтармен қамтамасыз ету», - дейді Шәкерхан Рүстем Ержанұлы.
Өндірісті кеңейту үшін компания «Банк ЦентрКредитке» өтінім беріп, жылына 21,75 пайызбен несие алды. Оның 13,75 пайызын «Даму» қоры «Бірыңғай кешенді бағдарлама» бойынша субсидиялайды, қалған 8 пайызын кәсіпкер төлейді. Несие қаражаты инвестицияға жұмсалды.
«ДСП Центр» ЖШС өңірдің экономикасын мақсатты түрде дамытуда, жаңа жұмыс орындарын ашуда және халықты сапалы өніммен қамтамасыз етеді. Қолдаудың арқасында жалпы өңірлік өнімді ұлғайту, өнімді импортты алмастыру мүмкіндіктері пайда болды.
Сайт: @dsp.centre.almaty
Мекенжайы: Алматы қ-сы, Айнабулақ-2 ы/а., 56В
Байланыс телефондары: +7 (727) 251 65 16, +7 (700) 093 33 74