Кеңес ал!
Негізі 1958 жылы қаланған «Комсомолға 40 жыл» атты Көкшетау тігін фабрикасы жанынан 2009 жылы «Диас тігін фабрикасы» ЖШС құрылды. Кәсіпорын өнеркәсіпте еңбек ететін мамандарға арнап арнайы киім тігеді. Атап айтқанда өндірістің әртүрлі факторлары, соның ішінде жалын мен конвектив жылу әсерінен қорғайтын киімдер шығарады. Фабриканың өндіріс және қосалқы цехтарының жалпы ауданы 2,5 мың м2-ден асады.
2015 жылдан бастап кәсіпорын «БЖК-2020» бағдарламасы аясында айналым қаражатын толықтыруға несие алып, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде Қордан қолдау ала бастады. Өндірісті жаңғырту ісі 2017-2018 жылдар аралығында өтті. Бұл мақсатта «Даму-Өндіріс» бағдарламасы аясында жеңіл несие алды. Ал 2023 жылдың көктемінде кәсіпорын айналым қаражатын толықтыруға «ForteBank»-тен несие алып, «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында субсидияланды. Сондай-ақ, 2024 жылғы желтоқсанда «ForteBank»-тен айналым қаражатын толықтыруға «Бірыңғай кешенді бағдарламаның» шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағыты аясында сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау түрінде қолдау алды.
Қазір зауыт заманауи өндіріске сай толықтай қайта жабдықталды және соңғы буындағы автоматтандырылған, жоғары технологиялық жабдықтарымен қайта жарақтанды. Зауыттың артықшылықтары:
Клиенттің техникалық талаптарына сәйкес кез-келген күрделі модельді жасай алатын дизайн және технологиялық бюро бар;
Автоматтандырылған төсеу және кесу кешені – аса дәл кеседі, өнімді және материалдарды үнемдейді;
Тігін цехтарының автоматтандырылған желілері – кез келген күрделі тігін тіге алады;
Клиенттің қалауы бойынша жапсырма/шеврон жасап, кестелейтін заманауи кесте цехы;
10 бақылау пунктінде өндірістің барлық кезеңдерінде құрылған сапаны бақылау жүйесі;
Ынтымақтастықтың икемді шарттары - әрбір клиентке жеке көзқарас.
Фабрикада қазір 90-нан астам адам жұмыс істейді.
Көкшетау қаласы, Назарбаев даңғылы 60
Тел. +77751881158, +77472015616
Сайт: https://dfactory.kz/
Инстаграм: @d.factory.kz