Тамақтандыру орындарының кәсіпорын, зауыт, фабрика немесе оқу және ғылыми мекемелерге жақын орналасуы – кәсіпкердің саудасына да тұтынушының уақытына да ыңғайлы.
Қазір елде тамақтандыру мәдениеті жолға қойылып, қызмет көрсету жолдары да дамып келеді. Кешенді түскі ас, жұмыс орындарына тамақ жеткізу, есептеудің абонементтік жүйесі, кешенді түскі ас берудің механикаландырылған желілері және т.б. жаңалықтармен қазір ешкімді таңғалдыра алмайсыз.
Соңғы кезде қызмет көрсетудің жоғары деңгейін көздейтін мүлдем жаңа қоғамдық тамақтану орындары ашылып жатыр. Ол - бизнес асханалар. Кеңес кезіндегі көңілсіз ғимарт, алюминий ыдыс, арзан жиһазы бар асхана атауының орнын қазір мейрамханадан еш кемі жоқ, өз-өзіне қызмет көрсететін әсем тамақтану орындары басты.
Осындай бизнес асханалардың бірі - Қарағандылық «Суслина» ЖК-ға қарасты «Трапеза» асханасы. «Атлетик» фитнес-клубында орналасқан «Трапеза» бизнес асханасы үшін кәсіпкер «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы «Еңбек» бағдарламасы аясында 14 825 000 теңге жеңіл несие алды.Кәсіпкерден пайдалы кеңестер:
1) Өзіңе не керек екенін түсіну. Бизнес бастамас бұрын, мейлі ол кофе, наубайхана, дүкен болсын, өзіңізге және тұтынушыларыңызға бұл бизнестің неге екенін түсіну керек. Бизнес философиясын құру керек. Қоғамдық тамақтану бизнесі мен кофе бизнесі адам факторына қатты тәуелді. Егер ақша үшін ғана болса, мұнда оңай ақша жоқ. Табатын әр теңгеге сіздің салатын күш-жігеріңіз 215% деңгейінде болуы тиіс.
2) Тұтынушының көңілін табу. Кез келген бизнес сияқты болашақ кофехананы құру үшін, біз тағы бір өте маңызды нәрсе анықтауымыз керек. Сіз өзіңіздің болашақ қонақтарыңыз үшін қандай мәселені шешесіз? Көңілінен шыға аласыз ба? Бұл сұраққа нақты жауап алу кофехана орнын дұрыс таңдау қажет.
3) Жоспар сауатты жасалуы керек. Стратегиялық қателіктерді маркетингпен түзете алмайсың.
Инстаргам: @trapeza_shakhtinsk.