Кеңес ал!
Атыраулық «Мастер» ЖК – он үш жылдан бері кез келген күрделі корпусты жиһаз жасап келе жатқан отандық өндірушілердің бірі.
Цех қазіргі замауи жабдықтармен қамтылған. 8 адамнан тұратын кәсіпқойлар командасы соңғы үлгідегі жиһаздар жасап, тұтынушыларға ас үй, жатын бөлме, сандық, сөре, кіреберіс сияқты алуан түрі өнім ұсынады.
«Біздің команда жетілдіру жағынан жаңа технологияларды тұрақты зерттеп отырады. Өйткені түрлі стильдегі сән өзгермелі болып келеді, трендтен қалмау керек, осы саладағы үрдістер мен дизайндағы жаңалықтарды талмай зерделеу қажет. Мысалы қазір минимализм мен хай-тек сұраныста. Сәндеу мен желімдейтін заманауи материалдардың арқасында ағаш пен басқа да материалдардан (былғары, шыны, металл, пластик) аумайтын дүние жасауға болады. Тапсырыс беруші тек классикалық түс гаммасын ғана емес, әртүрлі реңктерді таңдай алады», –дейді компания басшысы Руслан Салихов.
«Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында компания «Даму» Қорынан пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде қолдау алды. «Қазақстан Халық Банкінен» алған несиені кәсіпкер инвестицияға жұмсады.
Қазір компания клиенттер санын арттырып, Атырау облысының жетекші компанияларымен шарттасуды жалғастыруда.
Атырау қаласы, Құрманғазы көшесі, 144.
+77719092881